1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Ақтөбе филиалының әкімшілік ғимараты мен құрылысын ағымдағы жөндеу бойынша жұмысты сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

№ п/п: 12950

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 25.01.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 31.01.2019 17:30

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Ақтөбе филиалының әкімшілік ғимараты мен құрылысын ағымдағы жөндеу бойынша жұмысты сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы, мекенжайы: 030006, Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесі, 45-үй, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Ақтөбе филиалының әкімшілік ғимараты мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмысты сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алу үшiн бөлiнген сома көрсетілген тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі: Ақтөбе филиалының әкімшілік ғимараты мен құрылысын ағымдағы жөндеу, сатып алуға бөлінген сома - ҚҚС есептемегенде 9 440 694,64 теңге (тоғыз  миллион  төрт жүз қырық мың алты жүз тоқсан төрт теңге 64 тиын).

Жұмыстар Қазақстан Республикасында қолданылатын Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес және бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі объектіде құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау құқығын растайтын I санаттағы лицензия негізінде орындалуы тиіс.  

3. Сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекше нұсқама (ол болған кезде). Шарт жобасына жұмыс көлемінің тізімдемесі.

4. Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны: ҚР, 030006, Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесі, 45-үй.

5. Тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері: шартқа қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік бес ай.

6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын, тестілеуге тауар үлгілерін (ол болған кезде) ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі: 2019 жылғы «25» қаңтарда сағат 09:00-ден бастап, 2019 жылғы «31» қаңтарда сағат 17:30-ға дейін.

7. Баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы «01» ақпанда сағат 09:00-ден бастап.

8. Ақы төлеу талаптары: Шарт жобасында көрсетілген

9. Елеулі талаптары көрсетілген шарттың жобасы, оның ішінде жұмыс көлемінің тізімдемесі қоса беріледі. 

10. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында  мыналарды:

1) әлеуетті  жеткізушінің толық атауын  және пошта мекенжайын;

2)  тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) толық атауын  және пошта мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

11. Өткізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

 

ҚРҰБ Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары»

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға