1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

АИ-95 маркалы бензинді және АИ-92 маркалы бензинді сатып алу

№ п/п: 12951

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 25.01.2019 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 31.01.2019 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
сатып алу
өткізілетіні туралы хабарландыру

 

         «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қ.) атынан (010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй) хабарландыру орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен АИ-95 маркалы бензинді және АИ-92 маркалы бензинді сатып алу  өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.

      Сатып алуға бөлінген сомасы көрсетілген тауардың саны және тауардың қысқаша сипаттамасы: №1 – лот  - (АИ-92 бензині), көлемі – 8951 литр, ҚҚС есепке алмағанда 1 326 627 (бір миллион үш жүз жиырма алты мың алты жүз жиырма жеті) теңге 71 тиын. №2 – лот - (АИ-95 бензині), көлемі – 36 794 литр, ҚҚС есепке алмағанда 6 176 240 (алты миллион бір жүз жетпіс алты мың екі жүз қырық) теңге, 84 тиын.

      Техникалық ерекшеліктер шарт жобасының қосымшасында көзделген. Жеткізуші Тапсырыс берушіге берген талондарының негізінде Астана қаласында және Астана-Көкшетау, Астана-Алматы, Астана-Павлодар жолдарының бойында орналасқан өзінің автомай құю станцияларында тауарды босатуға міндеттенеді.

      АИ-95 маркалы бензин және АИ-92 маркалы бензин талондарын жеткізу орны: Астана қ., Бейбітшілік көшесі,21.

      Талондарды жеткізуге талап етілетін мерзімдер: Шарт күшіне енген күннен бастап  және Тапсырыс беруші талондарды толық пайдаланғанға дейін.

       Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі  – 2019 жылғы «25»  қаңтар 10:00 сағаттан бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі -                              2019 жылғы «31» қаңтар 18:00 сағатқа дейін, ұсыну орны - Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.104-кабинет.

        Баға ұсыныстарын ашу – 2019 жылғы «31» қаңтар 18 сағат 15 минутта, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.104-кабинет.

        Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші ақы төлеуді Жеткізушіден шот-фактураны, шығыс жүкқұжатын және Тараптардың қолдары қойылған талондарды қабылдау – тапсыру актісін алған күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде талондарды жеткізу дерегі бойынша Жеткізушінің банктік шотына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырады.

        Техникалық ерекшеліктер көрсетілген шарттың жобасы мен маңызды талаптары қоса берілді.

        Өзге ақпараттар:

        Әлеуетті жеткізуші қоса берілген нысан бойынша әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген хабарландыруда көзделген мәліметтер, құжаттар бар 1 (бір)  ғана  баға ұсынысын ұсынады.

       Баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған соң әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

        Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын желімделген конвертте баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын берудің аяқталу күні мен уақытына дейін ұсынады.

        Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің бет жағына:

        1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

         2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

         3) әлеуетті жеткізушінің қатысу үшін баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

             Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

       

          Жеткізуші Шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың:

          • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;

          • ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәліктің;

          • толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасының;

          • бірінші басшыны тағайындау бұйрығының көшірмелерін беруге міндеттенеді.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға