1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу

№ п/п: 12953

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 25.01.2019 15:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 01.02.2019 15:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасы, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй.

2. Сатып алынатын қызметтердің атауы:

Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен «Тәуекелдерді басқару» семинарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

3. Сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС сомасын қоспағанда 178 571,43 теңге.

4. Қызметтерді көрсету саны (көлемі), орны және мерзімі: 2019 жылдың сәуір/мамыр/маусым айларында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1 қызметкері үшін Алматы қаласында «Тәуекелдерді басқару» семинары жұмыс күндері жеткізушінің аумағында.

5. Қызмет сипаттамалары: 16 академиялық сағаттан кем емес семинар болуы керек:

- тәуекелдерді сәйкестендіру әдістері;

- тәуекелдерін маңыздылығы мен ықтималдығын бағалау;

- тәуекелдерді саралау;

- тәуекелге әрекет ету;

- бақылау;

- мониторинг;

- өкілеттіктерді бөлу.

Тренерге қойылатын талаптар: тренердің кем дегенде 5 оқу курсын өткізу тәжірибесі болуы керек.

Сертификаттау: семинар соңында сертификат беру.

6. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолмақол «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасына келесі мекен жайы бойынша беріледі.

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы 2019 ж. «1» ақпаны 15 сағат 00 минут.

Баға ұсыныстары салынған конверттер  2019 ж. «1» ақпанда  15 сағат 30 минутта «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасында №440  бөлмеде ашылады.

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу туралы шартының жобасы берілген.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын табыс етуі өткізілетін сатып алуды талаптарында және сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiмін бiлдiру нысаны болып табылады.

Әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын табыс етеді.

Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші қол қойылған сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге беріледі.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 2788-104 (вн. 5541).

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға