1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қостанай филиалы әкімшілік ғимаратының желдету жүйесіне күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмысты сатып алу (қайталау)

№ п/п: 12954

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 28.01.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 04.02.2019 11:55

Хабарламаның толық мәтіні:

    Сатып алуды ұйымдастырушы - «ҚР Ұлттық банкі» РММ Қостанай филиалы, 110000, Қостанай қ, Баймағамбетов көшесі, 195, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен  Қостанай филиалы әкімшілік ғимаратының желдету жүйесіне  күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмысты сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

      Сатып алу үшін бөлінген сомалар көрсетілген, орындалатын жұмыстың көлемі.

      Жұмыс, сатып алуға бөлінген сома ҚҚС-сыз 7 669 236,61 теңге.

     Сатып алынатын жұмыстың атауы: Қостанай филиалы әкімшілік ғимаратының желдету жүйесіне  күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу.

     Жұмыстың орындалатын орны: 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к., 195;

     Жұмысты орындауға талап етілетін мерзімдері: екі жақты Тараптармен  Шартқа қол қойылғаннан кейін 75 (жетпіс бес) күнтізбелік аралығында.

      Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі: 2019 ж. «28» қаңтарда 9:00-ден бастап, баға ұсыныстарын ұсынуды аяқтау мерзімі  2019 ж. «04» ақпанның  10:00-ге дейін;

      Баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты: 2019 ж. ««04» ақпан  күні сағат 10.10, Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі, 195, №306- кабинетте.

       Ақы төлеу талаптары. Шарт талаптарына сәйкес.

       Маңызды талаптарын көрсетілген шарттың жобасы қоса беріледі.

      Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы нысандағы (8 нысан) мәліметтерге сәйкес болуы тиіс және ұсынлуы тиіс:

         а) жобалау қызметіне І категорялы мемлекеттік лицензияның  көшірмесі;

         б) ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмысы құнының  есебі (ЗЖЖ);

          в) банктық деректемелері.

      Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын табыс етеді.

         Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы салынған жабық конверттің алдыңғы бетінде  көрсетеді:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

     Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің http://www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылатын болады.

Тел. (8714-2) 990-927. IP .3625,3626.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға