1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сорғыны сатып алу

№ п/п: 12955

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 30.01.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 05.02.2019 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Хабарландыру орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен

сорғы сатып алуды жүргізу туралы

Хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Шығыс Қазақстан филиалы (бұдан әрі – тапсырыс беруші (ұйымдастырушы), мына мекенжайда орналасқан: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ, Қазақстан к., 3-үй хабарландыру орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сорғылар саны 2- дана (бұдан әрі – Тауар)  сатып алуды жүргізуі жөнінде хабарлайды.

 

         1. Cатып алуға бөлінген сома ҚҚС есептемегенде 1 854 562,50 теңгені құрайды.

 

2. Тауардың саны және оған қойылатын талаптар, оны жеткізу мерзімдері, сондай-ақ төлем шарттары мен тәртібі елеулі талаптары көрсетілген сатып алу туралы қоса берілген шарт жобасында көрсетілген.

 

        3. Тауарды жеткізу орны: ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан к., 3.

 

        4. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан к., 3-үй, 705-бөлме, әкімшілік-шаруашылық бөлімі.

 

        5. Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019ж. 30.01. сағат 9:00-ден бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019ж. 05.02.  сағат 18:00-ге дейін.

 

        6. Баға ұсынысының ашудың күні және уақыты – 2019ж.06.02. сағат 10:00-де.

 

7. Әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған және мөрі басылған (бар болғанда) 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынады, онда келесі мәліметтер мен құжаттар болуы керек:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы мен нақты мекенжайы, БСН/ЖСН және банктік деректемелері;

2) жеткізілетін Тауардың атауы, сипаттамасы және саны;

3) Тауарды жеткізу орны мен мерзімдері;

       4) Тауар бірлігі үшін бағасы мен ҚҚС есептемегендегі Тауардың жалпы бағасы.

 

8. Баға ұсынысы мөр басылған конвертте конверттерді ашу рәсіміне дейін беткі жағында келесілер көрсетіле отырып, ұсынылуы тиіс:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен почталық (заңды) мекенжайы;
  2. осы хабарламаның 4-тармағында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін сатып алудың (ұйымдастырушының) тапсырыс берушісінің атауы мен почталық мекенжайы;

        3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылатын Тауарды (лотты) сатып алудың атауы.

 

        9. Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің Өкілі өз  өкілеттігін құжатпен (бұйрық, сенімхат, жеке бас куәлігі) растауы тиіс.

 

10. Жүргізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.

11. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7232) 560-685.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға