1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Дизель-генератор қондырғысын орналастыруға арналған тұрғын үйге жатпайтын үй-жай сатып алу

№ п/п: 12959

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 01.02.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 07.02.2019 18:30

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Қазақстан Республикасы, А05G1D2, Алматы қ., Панфилов көш., 98-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Шаруашылық басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), 8(727) 2619-204 ішкі 5445,    www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Дизель-генератор қондырғысын орналастыруға арналған тұрғын үйге жатпайтын үй-жай сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Дизель-генератор қондырғысын орналастыруға арналған тұрғын үйге жатпайтын үй-жай (бұдан әрі – Тұрғын үйге жатпайтын үй-жай) ҚҚС сомасын есептемегенде сатып алу үшін бөлінген  сома -  8 035 714,29 теңге.

3. Тұрғын үйге жатпайтын үй-жай толық ерекше нұсқама техникалық ерекше нұсқамада көрсетілген (шартқа қосымша). 

4. Орналасқан жері – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің A15P5B5, Алматы қ., Сәтбаев к., 30/8, 163-тұрғын үйге жатпайтын үй-жай («Tенгиз-Towers» ТК) мекенжайындағы әкімшілік ғимаратында орналасқан Ұлттық Банк бөлімшелерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ететін дизель-генератор қондырғысын орналастыруға арналған тұрғын үйге жатпайтын үй-жай.

5. Ақы төлеу талаптары - тапсырыс беруші шарт бойынша ақы төлеуді Жеткізушінің Шарттың 14-бөлімінде көрсетілген банк шотына Тұрғын үйге жатпайтын үй-жайды қабылдау-өткізу актісіне және Тапсырыс берушінің атына уәкілетті органда ресімделген, Тұрғын үйге жатпайтын үй-жайға құқық белгілеу құжаттарының түпнұсқаларына  (бұдан әрі – Акт) қол қойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Шарттың жалпы сомасынан 100% (бір жүз пайыз) мөлшерде ақша аудару арқылы жүзеге асырады.

6. Мерзімі: Жеткізуші Шарт күшіне енгізілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге Тұрғын үйге жатпайтын үй-жайды және уәкілетті органда Тапсырыс берушіге ресімделген, Тұрғын үйге жатпайтын үй-жайға құқық белгілейтін құжаттарының түпнұсқаларын Акт бойынша беруге міндеттенеді.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 2019 жылғы 01 ақпанның  09 сағат 00 минуттан бастап.  

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2019 жылғы 07 ақпанның 18 сағат 30 минутқа дейін. 

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05G1D2, Алматы қ., Панфилов көшесі, 98, 207 кабинет.   

10. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 08 ақпанның 10 сағат 00 минутта, A05G1D2, Алматы қ., Панфилов көшесі, 98, мекенжайында 207 кабинетте ашылады. 

11. Дизель-генератор қондырғысын орналастыруға арналған тұрғын үйге жатпайтын үй-жай сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріліп отыр.

12. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге ұсынылып көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

1.  Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.

2. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3)  әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:

1) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

2) ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

3) Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;

4) Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат.

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

6. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға