1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

WildCardSSL сертификатына техникалық қолдау қызметін сатып алу

№ п/п: 12961

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 31.01.2019 17:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 07.02.2019 11:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен

сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

 

ҚР ҰБ РММ Ақпараттық технологиялар басқармасы (ары қарай- Сатып алуды ұйымдастырушы), мекенжайы: Қазақстан Республикасы, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй, тел. 8 (727) 2704-502, 2704-558, 330-24-65, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен  WildCardSSL сертификатына техникалық қолдау қызметін сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

Сатып алу үшін бөлінген сома; ҚҚС сомасын қоспағанда 65 750,00  теңге.

Көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы- WildCardSSL сертификатына техникалық қолдау.

 

Сатып алынатын қызметтің маңызды талаптары:

  • Қағиданың[1] 172-тармағына сәйкес қызметті сатып алу шот-фактура негізінде  жүзеге асады;
  • Қызмет Жеткізушінің электронды кілтті (бұдан әрі - Кілт) сериялық нөмірлерімен сатып алуды Ұйымдастырушының: it@nationalbank.kz электрондық поштасына жеткізуі арқылы расталады;
  • Қызметті көрсету орны: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй;
  • Кілтті ұсыну мерзімі - 2019 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей;
  • Кілтті іске қосу мерзімі - 2019 жылғы 6 наурыз;
  • Қызмет көрсету мерзімі: Кілтті іске қосқан күннен бастап 12 ай;
  • Кілтті ұсынғаннан кейін, түсініктемелер мен келіспеушіліктер болмаған жағдайда, Сатып алуды ұйымдастырушы мен Жеткізушінің уәкілетті тұлғалары көрсетілген қызмет актісіне қол қояды;
  • Төлем шарттары: Қызметтің төлемі көрсетілген қызмет туралы актіге уәкілетті тұлғалары қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей және Жеткізішіден шот-фактураны алғаннан кейін Жеткізушінің банктік шотына шот-фактурада көрсетілген соманың 100% (жүз пайыз) мөлшерінде ақша аудару арқылы қамтамасыз етіледі.

Техникалық ерекше нұсқамасы:

Сатып алудың атауы

Қолданатын операциондық жүйесі

Өлшем бірлігі

Сипаттамасы

WildCardSSL сертификатына техникалық қолдау

 

Windows/ Linux

Қызмет

Электрондық пошта арқылы WildCardSSL сертификатына  электрондық кілт беруі тиіс.

Сертификат :

1) 128/256-биттік шифрлау стандартын қолдайды;

2) SHA256 қолтаңба алгоритмі бар;

3) түрлі серверлерді (web, mail) қорғауды қамтамасыз ету және субдомендердің саны шектеусіз

болуы шарт.

 

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің басталуы: 2019 жылғы 31 қаңтар 17 сағат 00 минут.

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді түпкілікті беру мерзімінің аяқталуы: 2019 ж.               07 ақпан 11 сағат 00 минут.

Баға ұсыныстары салынған конверттер  2019 ж.  07 ақпан 11 сағат 30 минутта, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй, №317/1  бөлмеде, мекен жайы бойынша ашылады.

Өзге де ақпарат:

        1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) көрсетілетін Қызметтің атауы;

3) көрсетілетін Қызмет мерзімдері;

4) қосалқы құн салығын қоспағандағы Қызметтің біреуінің бағасы және Қызметті көрсетуге байланысты шығындары қосылған Қызметтің жалпы бағасы;

5) әлеуетті жеткізуші Қызмет үшін қол қойған техникалық ерекше нұсқамадан тұратын, әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол бар болса) бекітілген әр лот бойынша тек бір ғана баға ұсынысын береді.

Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін қатысу үшін сатып алынатын Тауардың атауы.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 2704-760, 2704-558, 330-24-56.

 

 

 


[1] Қағиданың 172 тармағы - Ауызша нысанда республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға, сондай-ақ жасау кезінде орындалатын, мәмілелерді жасау фактісін (чек, инвойс, қабылдау-өткізу актісі, төлем жасауға шот, шот-фактура, жүк құжаттамасы, билет немесе әдетте қабылданған растайтын өзге белгі) растайтын құжаттар болған кездегі мәмілелер жасалуы мүмкін.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға