1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Компьютерге арналған ҚРҰБ логотипі бар аксессуарларды сатып алу

№ п/п: 12969

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 12.02.2019 11:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 19.02.2019 11:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

1. Қазақстан Республикасы, A15C9T5, Алматы қ., «Көктем-3 ш.а.», 21-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Шаруашылық басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), тел. 8 (727) 2788-104 ішкі номер 5576, www.nationalbank.kz. интернет-ресурста компьютерге арналған ҚРҰБ логотипі бар аксессуарларды (бұдан әрі –Тауар) сатып алу туралы хабарлайды және аталған тауарды сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Компьютерге арналған ҚРҰБ логотипі бар аксессуарлар, саны – 50 жиынтық, сатып алу үшін бөлінген сома – 1 459 821 теңге 50 тиын ҚҚС сомасын есептемегенде.

3. Тауарды жеткізу орны: Алматы қ., «Көктем-3 ш.а.», 21-үй.

4. Тауарды жеткізу мерзімі: шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.

5. Сатып алынатын Тауарға толық ерекше нұсқама техникалық ерекше нұсқамада көрсетілген, (шарттың қосымшасы).  

6. Ақы төлеу талаптары: шарт бойынша төлемді Тапсырыс беруші Тараптардың уәкілетті тұлғалары Тауарды қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі - Акт) қол қойған және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінің ішінде Шарттың 14-бөлімінде көрсетілген Жеткізушінің банктік шотына Шарттың жалпы сомасының 100% (жүз пайызы) мөлшерінде ақша аудару арқылы жүзеге асырады.

7. Әлеуетті жеткізушілерге баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05G1D2, Алматы қ., Панфилова көшесі 98, 219 бөлме.

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы:
2019 жылы «12» ақпанда 11 сағат 00 минут.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2019 жылы «19» ақпанда 11 сағат 00 минут.

10.Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылы «19» ақпанда 11 сағат 30 минутта, A05G1D2, Алматы қ., Панфилова көшесі 98, 204 бөлме мекен жайы бойынша ашылады.

11. Сатып алу туралы шарт жобасы және қағидалардың 8 - қосымшасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары қоса беріледі (бұдан әрі –Тауар).

12. Әрбір баға ұсынысы бар әлеуетті жеткізуші ұсынылып отырған тауармен бірге техникалық ерекше нұсқама ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, тек бір ғана баға ұсынысын береді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды көрсетеді:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін атауын, телефонын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсыныс берілетін Тауарды сатып алудың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

Заңды тұлғалар үшін:

• Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса); • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтасы;

 • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.

Дара кәсіпкер үшін:

• ДК тіркеу туралы куәлік;

• Толық деректемелері көрсетілген банк анықтасы;

• Жеке куәлігі;

• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса).

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

6. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1 тармақшада көрсетілгені бойынша алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға