1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Бланк өнімдерін қайта сатып алу

№ п/п: 12970

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 12.02.2019 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 19.02.2019 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

   1.«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы («Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы Әкімшілік-шаруашылық бөлімі 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137), бланк өнімдерін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайта сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және сатып алуға қатысуға шақырады.

    2. Сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн  сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны:

1-лот, Бланк өнімдері (Өтінім)- автокөлікке рұқсатнамаға өтінім,  1500 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 4875,00 теңге;

2-лот, Бланк өнімдері (Саяхат парақтары) – жол парағы, 1000 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 6600,00 теңге;

3-лот, Бланк өнімдері (Өкім) – өкім бланкісі, 330 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 7260,00 теңге;

4-лот, Бланк өнімдері (Бұйрық) – бұйрық бланкісі, 1200 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 26400,00 теңге;

5-лот, Бланк өнімдері (Материалдық рұқсатнама), 900 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 8757,00 теңге;

6-лот, Бланк өнімдері (Өтінім) – бір жолғы рұқсатнамаға өтінім, 1500 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 4875,00 теңге;

7-лот, Бланк өнімдері (Өтінім) материалдық рұқсатнамаға өтінім, 500 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 1625,00 теңге;

8-лот, Бланк өнімдері (Бiржолғы рұқсаттама) – автокөлікке біржолғы рұқсатнама, 500 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 4450,00 теңге.

9-лот, Бланк өнімдері (Бiржолғы рұқсаттама),  1900 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 16910,00 теңге;

10-лот, Бланк өнімдері (Жұмыс уақытының табелі), 100 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 2800,00 теңге;

11-лот, Бланк өнімдері (Елтаңбалы бланк), 4200 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 92400,00 теңге;

12-лот, Бланк өнімдері (Бақылау парағы), 4000 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 44000,00 теңге;

13-лот, Есеп журналы, 4 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 5507,16 теңге;

14-лот, Есеп және тіркеу журналы, 2 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 2753,58 теңге;

15-лот, Есепке алу кітабы, 30 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 13500,00 теңге.

  3.Сатып алынатын тауарға техникалық ерекше нұсқама: Шарт жобасына №1 Қосымшада (техникалық ерекше нұсқама) көрсетілген.

4.Тауарды жеткізудің орны:  080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137.

  5.Тауарды жеткізу мерзімі: Тараптар шартқа қол қойған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде.

  6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын табыс етуді бастау және аяқтау мерзiмi: мөр басылған конвертпен баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі – 12.02.2019ж. сағат 10:00, баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі – 19.02.2019ж. сағат 10:00 дейін мына мекен-жайға табыс етіледі: 080000 Тараз қ., Қазыбек би көш., 137, «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Жамбыл филиалы, 207 бөлме;

  7. Баға ұсыныстарын ашу  күні мен уақыты -  19.02.2019 ж. сағат 10:30.

  8. Төлем жасау тәртібі: Төлем нақты жеткізілген Тауар үшін Тараптардың уәкілетті өкілдері  Актіге  қол қойған және Жеткізуші шот-фактура ұсынған күннен бастап операциялық 10 (он) күн ішінде Жеткізушінің Шарттың 14-бөлімінде көрсетілген банк шотына ақша аудару арқылы  жүргізіледі.

 9. Елеулі талаптары көрсетілген сатып алу шартының жобасы қоса беріледі. 

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) тауардың атауы;

3) тауарды жеткізу мерзімдері;

4) қосалқы құн салығын есептемегендегі Тауардың біреуінің бағасы және  Тауарды жеткізуге байланысты шығындары қосылған Тауардың жалпы бағасы;

5) әлеуетті жеткізуші тауар үшін қол қойған техникалық ерекше нұсқамадан тұратын, әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен бекітілген тек бір ғана баға ұсынысын береді.

Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

5. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады:

99-93-53.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға