1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚР ҰБ Оңтүстік Қазақстан филиалының әкімшілік ғимараты мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар

№ п/п: 12910

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 03.01.2019 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 15.01.2019 15:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Тендер талаптарымен тендер өткізу туралы

хабарландыру

 

Сатып алуды ұйымдастырушы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Оңтүстік Қазақстан филиалы, Қазақстан Республикасы, 160012,  Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көш., 2-ғимарат, электрондық  пошта ukf@nationalbank.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлікпен басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес

ҚР ҰБ Оңтүстік Қазақстан филиалының әкімшілік ғимараты мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды атып алу бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.

 Тендер талаптары:

  1. Тендерге бөлінген сома ҚҚС сомасын есептемегенде 77 562 758,93 (жетпіс жеті миллион бес жүз алпыс екі мың жеті жүз елу сегіз теңге 93 тиын) теңгені құрайды.

 

2. «ҚР Ұлттық Банкі» Оңтүстік Қазақстан филиалының әкімшілік ғимараты мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу бойынша техникалық ерекше нұсқама (тендер талаптарына 2-қосымша), 2019 жылға арналған жұмыстар көлемінің ведомосі (Шартқа №1 қосымша).

3. Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін және олардың маңыздылығының шамасын бағалаудың өлшемшарттары (1 парақта) қоса беріледі.

4. Маңызды талаптар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы
(68 парақта) қоса беріледі.

5. Мердігердің І санатты  лицензиясы болуы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 32-бабының 2-тармағына сәйкес, қолда бар  лицензияның шеңберінде қосалқы мердігерлік шарттары бойынша жұмыс істеуі қажет.

6. Жұмыстар мына мекенжай бойынша орындалады: 160012, Қазақстан Республикасы, 160012,  Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көш., 2-ғимарат

 7. Жұмыстардың орындалуының талап етілетін мерзімі Мердігер шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын толық көлемде төлеген (шарттың жалпы сомасының 30% (отыз) мөлшерінде) күннен бастап күнтізбелік 150 (жүз елу) күн.

Тендерге қатысуға өтінімді әлеуетті жеткізушілер не олардың уәкілетті өкілдері   қолына не тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып (қажеттісін көрсету) мына мекенжай бойынша: 160012, Қазақстан Республикасы, 160012,  Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көш., 2-ғимарат сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады.

8. Тендерге қатысуға өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзімі 2019 жылғы «15» қаңтар сағат 15.00 минутқа дейін, мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, 160012,  Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көш., 2-ғимарат, кабинет № 100.

9. Тендерге қатысуға өтінімдер 2019 жылғы «15» қаңтар сағат 16.00 минутта, мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, 160012,  Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көш., 2-ғимарат, мәжіліс залында ашылады.

10. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы «09» қаңтар сағат 18.30 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.

 

Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Оңтүстік Қазақстан филиалы, Қазақстан Республикасы, 160012,  Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көш., 2-ғимарат, тел. электрондық  пошта ukf@nationalbank.kz (87252) 99-79-20, 99-79-21

 

11. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

 

1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;

 

2) тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы хабарлайды.

 

12.  Сатып алуды ұйымдастырушы 2019 жылғы «11» қаңтар сағат 10.00 минуттан кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.

 

Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тендер тәсілімен электрондық сатып алуды өткізген кезде тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тендер талаптарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.

 

Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын ұзартылады.

 

13. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе)
53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

 

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.

 

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады:

8(7252) 99-79-20.

 

 

Тендерлік  комиссияның хатшысы Куандык Жуматаевич Жанбыров«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Оңтүстік Қазақстан филиалы әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жетекші маман инженер – энергетигі, телефон: 8(7252) 99-79-21.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға