1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

№ п/п: 12943

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 22.01.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 28.01.2019 17:00

Хабарламаның толық мәтіні:

 

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету  бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

 

Қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету 

  1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы, 030000, Ақтөбе қ., Асау Барақ көшесі, 45.

     2. Сатып алынатын қызметтің атауы: қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету 

     3. Сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС сомасын есептемегенде 1 297 857,15 (бір миллион екі жүз тоқсан жеті  мың  сегіз    жүз елу жеті   теңге 15 тиын).

    4.  Қызметті көрсету саны (көлемі), орны және мерзімі: 1 (бір) қызмет, Ақтөбе қ.,  Асау Барақ көшесі, 45, шарт талаптарына сәйкес 2019 жылғы 1-тоқсан - 4-тоқсан аралағындағы кезең.

    5. Сатып алынатын қызметке техникалық ерекше нұсқама қоса беріледі.

   6. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстарын табыс ету орны және соңғы мерзімі, сондай-ақ оларды ашу күні, уақыты мен орны: Ақтөбе қ., Асау Барақ көшесі, 45, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы, 2019 жылғы 28 қаңтар , сағат 17-00, ашу күні, уақыты мен орны - 2019 жылғы 29 қаңтар , сағат 09-00,  № 11-кабинет.

   7.  Шарт жобасы, оның маңызды талаптары көрсетіліп, қоса тіркеледі.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын табыс етуі өткізілетін сатып алудың талаптарында және сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, қызмет көрсетудi жүзеге асыруға келiсiмін бiлдiру нысаны болып табылады.

7.1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын табыс етеді.

7.2. Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын табыс етудің аяқталатын уақытқа және күнге дейін баға ұсынысын ұсынады.

  8. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын конвертте ұсынған жағдайда, жабық конверттің сырт жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

 Жеткізуші Шартқа қол қойған кезде мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік:

• Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

• ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

• Толық деректемелері көрсете отырып банктен анықтама;

• Бірінші басшыны тағайындауға бұйрық.

  9. Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз  өкілеттігін құжатпен растауы (бұйрық, сенімхат) тиіс.

  10. Жүргізілген сатып алу қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға