1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ауыз суды сатып алу

№ п/п: 12941

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 21.01.2019 17:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 28.01.2019 17:00

Хабарламаның толық мәтіні:

«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы, Қазақстан Республикасы,  Жамбыл облысы, 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137, Әкімшілік-шаруашылық бөлімі ауыз суды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және сатып алуға қатысуға шақырады.

 1.Тапсырыс беруші - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137.

 2.Сатып алуды ұйымдастырушы - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы Әкімшілік-шаруашылық бөлім 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137.

  3.Сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн  сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны мен қысқаша сипаттамасы туралы ақпаратты:

1-лот – ауыз су, көлемі  кемінде 18,9 л. бөтелкеге құйылған табиғи ауыз суы. Табиғи ауыз суы Кеден одағының Техникалық регламентінің (Техникалық регламенттерінің) талаптарына сәйкес келуі тиіс және су қайнағаннан кейін қақ болмауы керек. Су құйылған бөтелкенің аузы пластик қақпақпен жабылуы, құйылған күні көрсетіле отырып, фирмалық стикер жапсырылуы тиіс, аузы арқылы лас нәрселер түсіп кетпес үшін қорғайтын термоқалпақшасының болуы   тиіс. Тығындаулы бөтелке бір реттік полиэтилен пакетке салыну керек. Айналма ыдыстың саны 220 бөтелке болуы тиіс, бөлінген сома ҚҚС-сыз  165000,00 (бір жүз алпыс бес мың теңге 00 тиын)  теңге;

2-лот Табиғи ауыз суы, газдалмаған, көлемі  0,5 л. пластик бөтелке. Табиғи ауыз суы Кеден одағының Техникалық регламентінің (Техникалық регламенттерінің) талаптарына сәйкес келуі тиіс, саны 200 бөтелке болуы тиіс, бөлінген сома ҚҚС-сыз  24000,00 (жиырма төрт мың теңге 00 тиын)  теңге;

4.Тауар жеткізудің орны, мерзімі және талаптары: - 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137.

  5.Тауарды жеткізу талаптары: Тараптар шартқа қол қойған күннен бастап тараптар шартқа қол қойған күннен бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.

  6.Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын, тестіден өткізуге тауарлардың үлгілерін (болған кезде) табыс етуді бастау және аяқтау мерзiмi туралы ақпаратты; -мөр басылған конвертпен баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі –21.01.2019ж. сағат 17:00, баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі – 28.01.2019ж. сағат 17:00 дейін мына мекен-жайға табыс етіледі: 080000 Тараз қ., Қазыбек би көш., 137, «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Жамбыл филиалы, 207 бөлме;

  7. Баға ұсыныстарын ашу  күні мен уақыты -  28.01.2019 ж. сағат 17:30.

  8.Төлем жасау тәртібі: Төлем нақты жеткізілген тауар үшін Тараптар Тауарды қабылдау-тапсыру актісіне (бұдан әрі - Акт) қол қойғаннан кейін және Тапсырыс беруші шот-фактураны алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Жеткізушінің есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі.

 9. Елеулі талаптары көрсетілген сатып алу шартының жобасы қоса беріледі. 

 10.Баға ұсынысы Тауарды жеткізумен байланысты барлық салықтардан және шығыстардан тұруы тиіс.

 11.Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысында мынадай мәліметтер мен құжаттар болуы тиіс: 1) әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы; 2) сатып алынатын тауардың атауы, сипаттамасы және көлемі; 3) тауарды жеткізу орны мен мерзімдері; 4) оған тауарды жеткізумен байланысты шығыстарды қоса алғанда, ҚҚС-ын есепке алмағанда, қосылған құн салығына салықты есепке алмағанда, жеткізілетін тауарлардың бір бірлігінің бағасы және жалпы бағасы.

 12.Баға ұсынысы сырт жағында төмендегілер көрсетіліп, конверттерді ашу рәсімдерінің басталуына дейін жабылған күйінде ұсынылады: 1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошта мекенжайын; 2) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) толық атауы және пошта мекенжайы, ол сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс; 3) қатысу үшін баға ұсынысы берілетін көрсетілетін сатып алудың атауы.

13.Тауарларды сатып алу шартына қол қоюға талап етілген мерзім –сатып алуды ұйымдастырушы Жеткізушіге қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде. 

14.Әлеуетті жеткізуші тек 1 (бір) баға ұсынысын беруге құқылы.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға