1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалының өрт, күзет және дабыл сигнализациясы жүйелерімен жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын сатып алуды жүргізу туралы хабарландыру

№ п/п: 12944

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 22.01.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 29.01.2019 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалының өрт, күзет және дабыл сигнализациясы жүйелерімен жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын сатып алуды жүргізу туралы хабарландыру

1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалы (120015, Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 30, электрондық мекенжайы: kuz_80@nationalbank.kz, телефон 8 (7242) 55-15-25, ішкі. 3122) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалының өрт, күзет және дабыл сигнализациясы жүйелерімен жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алуға бөлінген соманы көрсете отырып орындалатын жұмыстардың көлемі: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалының өрт, күзет және дабыл сигнализациясы жүйелерімен жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша 1 жұмыс, сатып алуға бөлінген сома, ҚҚС сомасын есептемегенде – 1 989 330,36 (бір миллион тоғыз жүз сексен тоғыз мың үш жүз отыз) теңге 36 тиын.

3. Ұлттық стандартты, мемлекетаралық немесе халықаралық стандартты (ол болған кезде) көрсете отырып, сатып алынатын жұмыстардың қысқаша сипаттамасы: жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалының өрт, күзет және дабыл сигнализациялары жүйелерімен жарақтандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар (шарт жобасына № 1 қосымша).

4. Сатып алынатын жұмыстарға техникалық ерекшелік: техникалық ерекшелік шарт жобасының № 2 қосымшасында көрсетілген.

5. Жұмыстарды орындау орны: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалы, 120015, Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 30.

6. Жұмыстарды орындаудың талап етілетін мерзімі: шарт талаптарына сәйкес.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны мен мерзімі, сондай-ақ оларды ашу күні, уақыты мен орны: Қазақстан Республикасы, 120015, Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқара көшесі, 30.

Баға ұсыныстарын беру мерзімі - 2019 жылғы 22 - қаңтар сағат 9-00-ден бастап, баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі - 2019 жылғы 29-қаңтар сағат 10-00-ге дейін.

Конверттерді ашу күні, уақыты және орны: 2019 жылы 29-қаңтар сағат 11-00-де

8. Төлем шарттары: шарт талаптарына сәйкес.

9. Елеулі талаптары көрсетілген шарттың жобасы: қоса беріледі.

Өнім берушінің "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 2-тармағына сәйкес І санаттағы лицензиясы болуы тиіс.

Әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген баға ұсынысында мына мәліметтер мен құжаттар болуы тиіс:

1)        әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2)        көрсетілетін жүмыстың атауы, саны;

3)        жүмыстың  көрсету орны және мерзімі;

4) көрсетілетін жүмысқа байланысты шығыстарды қоса алғанда, жүмыс бағасы мен жалпы бағасы, қосымша құн салығын есептемегенде;

5) әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқама.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген хатқалтаны ашу рәсімдерінің уақытына және мерзіміне бітуіне дейін баға ұсыныстарын жабылған күйінде сырт жағында мыналар болуы тиіс:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошта (заңды) мекенжайы;

2) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген тиісті мәліметтерге сәйкес келетін толық атауы және пошта мекенжайы;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін сатып алу жүмыстың атауы.

Әлеуетті жеткізуші қоса тіркелген нысан бойынша 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынуға құқығы бар. Баға ұсынысына көрсетілетін жүмысқа байланысты барлық шығындар енгізіледі. Баға ұсыныстары бар хатқалтаны ұсынушы әлеуетті жеткізушінің өкілі өзінің құзыреттілігін растау керек (жеке куәлігі, бұйрық немесе сенімхат). Шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) қол қойылған шарттың жобасын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) беріледі. Өткізілген сатып алулардың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің httр://www.nationalbank.kz интернет- ресурсында орналастырылатын болады. Қосымша ақпаратты 8(7242) 55-15-25, ішкі.3122,3123 31,51 телефоны арқылы алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға