1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚРҰБ Павлодар филиалы әкімшілік ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарын сатып алу

№ п/п: 12975

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 13.02.2019 18:30

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 25.02.2019 11:00

Хабарламаның толық мәтіні:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Павлодар филиалы, S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй, БСН 971041002004, ЖСК KZ43125KZTS005100100, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де, БЖК NBRKKZKX, Кбе 13 электрондық мекенжай: erkebulan.begezhanov@nationalbank.kz, тел. 8 718 2704430, ішкі 3315, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к., 44-үй мекенжайында ҚРҰБ Павлодар филиалы әкімшілік ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмысын сатып алу бойынша тендер талаптарымен тендер (бұдан әрі – жұмыстар) өткізілетіні туралы хабарлайды.

 

Тендер талаптары:

  1. Сатып алынатын Жұмыстар атауы, олардың көлемі және сатып алу үшін бөлінген сомалар тендер талаптарына 1-қосымшада көрсетілген.
  2. Сатып алынатын Жұмыстарға техникалық ерекше нұсқама тендер талаптарына 2-қосымшада көрсетілген.
  3. Сатып алынатын Жұмыстарға баға ұсыныстарының нысаны тендер талаптарына 3-қосымшада көрсетілген.
  4. Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін бағалау өлшемшарттары және олардың маңыздылығының өлшемі тендер талаптарына 4-қосымшада көрсетілген.
  5. Елеулі талаптары көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы тендер талаптарына 5-қосымшада көрсетілген.
  6. Жұмыстарды орындау орны: S03B4H4, Қазақстан Республикасы Павлодар облысы, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к., 44-үй
  7. Жұмыстарды орындаудың талап етілетін мерзімі: шарттың орындалуын толық көлемде қамтамасыз ету енгізілген күннен бастап 100 күнтізбелік күн.

     Тендерлік өтінімді ұсыну және ресімдеу тәртібі Қағидалардың1 4-параграфымен көзделген. Тендерлік өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер не олардың уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушыға мөр басылған конвертте қолма-қол немесе тапсырысты арнайы байланысты пайдалана отырып мына мекенжай бойынша: S03B4H4, Қазақстан Республикасы Павлодар облысы, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к., 44-үй, № 312 кабинетке ұсынады (жібереді).

    Өтінімнің тендерге қатысуын қамтамасыз ету Жұмыстарды сатып алуға бөлінген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк кепілдігі немесе сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына кепілдік ақша жарнасының енгізілуін растайтын төлем құжаты түрінде енгізіледі:

    -қазақстан теңгесімен төлеу үшін: бенефициары – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, БСН 971041002004, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де ЖБК KZ43125KZTS005100100, ББК NBRKKZKX, БЕк 13.

Тендерлік өтінімді қамтамасыз етуі жоқ барлық тендерлік өтінімдер Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі ретінде тендерлік комиссиямен қабылданбайды.

  1. Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2019 жылғы «25» ақпанды қоса алғанда 11 сағат 00 минутқа дейін.
  2. Тендерге қатысуға өтінімдер: S03B4H4, Қазақстан Республикасы Павлодар облысы, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к., 44-үй, № 310 кабинет мекенжайы бойынша 2019 жылғы «25» ақпан күні 12 сағат 00 минутта ашылатын болады.
  3.  Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы «19» ақпанда күні 12 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша сұрату жасайды.

Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: S03B4H4, Қазақстан Республикасы Павлодар облысы, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к., 44-үй

  1.  Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
  1. тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz интернет-ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;
  2. тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен жібереді.
  1. Сатып алуды ұйымдастырушы 2019 жылғы «21» ақпан күні  12 сағат 00 минуттан кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.

Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында тендер талаптарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.

Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күнге ұзартылады.

13. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе) 53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік лицензия санатына қойылатын талаптар:

Лицензияланатын қызмет түрінің мынадай кіші түрлері міндетті түрде болатын I санаттағы құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік лицензия:

  1. Объектілерді күрделі жөндеу мен конструкциялауды камтитын үйлер мен ғимараттардың (оның ішінде көпірлер, көлік эстакадалары, тоннельдер мен жол өткізгілер, өзге де жасанды құрылыстар) терік және (немесе) коршау конструкцияларын салуды, оның ішінде:
  • монолитті конструкцияларды орналастыруда, сондай-ақ құрама-бетон және темір-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырға мен далдалардың жеке элементтерін қалауды және ойықтарды толтыруды.

       2. күрделі жөндеуді мен реконструкциялауды қоса алғанда, инженерлік желілер мен жүйелердің құрылысын, оның ішінде қайта құруды қоса инженерлік желілердің және жүйелердің құрылымы:

  • электрмен жабдықтау желілерін және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысың, ішкі электрмен жарықтандыру және электрмен жылытудың желілерін.

Жұмыстарды сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум), осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалардың қатысуына жол беріледі.

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7182) 70-44-29, 70-44-30.

Тендерлік комиссия хатшысы әкімшілік-шаруашылық бөлім бастығының орынбасары– Бегежанов Еркебулан Максимович.

 

 


1 ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018ж.27.08. № 192  қаулысымен бекітілген ҚР Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі Қағидалары.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға