1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сплит-жүйелерді сатып алу

№ п/п: 12978

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 15.02.2019 16:35

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 22.02.2019 16:35

Хабарламаның толық мәтіні:

1.«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы («Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы Әкімшілік-шаруашылық бөлімі 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137) сплит-жүйелерді  баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және сатып алуға қатысуға шақырады.

  2. Сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн  сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны:

1-лот, сплит-жүйе,  4 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 1125842,84 теңге;

2-лот, сплит-жүйе,  23 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 4597700,00 теңге;

  3.Сатып алынатын тауарға техникалық ерекше нұсқама: Шарт жобасына №1 Қосымшада (техникалық ерекше нұсқама) көрсетілген.

4.Тауар жеткізудің орны:  080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137.

  5.Тауарды жеткізу мерзімі: Тараптар шартқа қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күні ішінде.

  6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын табыс етуді бастау және аяқтау мерзiмi: мөр басылған конвертпен баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі – 15.02.2019ж. сағат 16:35, баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі – 22.02.2019ж. сағат 16:35 дейін мына мекен-жайға табыс етіледі: 080000 Тараз қ., Қазыбек би көш., 137, «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Жамбыл филиалы, 207 бөлме;

  7. Баға ұсыныстарын ашу  күні мен уақыты -  22.02.2019 ж. сағат 17:00.

  8. Төлем жасау тәртібі: Тапсырыс беруші Шарт бойынша ақы төлеуді Тараптардың уәкілетті  адамдары  Тауарды   толық көлемде қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі - Акт) қол қойған және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған күннен бастап 10 (он)  жұмыс күні ішінде Шарттың 14-бөлімінде көрсетілген Жеткізушінің банктік шотына ақша аудару арқылы жүргізеді. 

 9. Елеулі талаптары көрсетілген сатып алу шартының жобасы қоса беріледі. 

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) тауардың атауы;

3) тауарды жеткізу мерзімдері;

4) қосалқы құн салығын есептемегендегі Тауардың біреуінің бағасы және  Тауарды жеткізуге байланысты шығындары қосылған Тауардың жалпы бағасы;

5) әлеуетті жеткізуші тауар үшін қол қойған техникалық ерекше нұсқамадан тұратын, әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен бекітілген тек бір ғана баға ұсынысын береді.

Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтасы;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар.

Дара кәсіпкер үшін: 

  • ДК тіркеу туралы куәлік;
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтасы;
  • Жеке куәлігі;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса).

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

6. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады:

99-93-53.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға