1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сейфтерді және металл шкафтарды жөндеу жөніндегі қызметтерді сатып алу

№ п/п: 12981

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 20.02.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 27.02.2019 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату сатып алуды өткізу туралы хабарландыру.  

1. Қазақстан Республикасы, A15C9T5, Алматы қ., «Көктем-3 ш.а.», 21-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Шаруашылық басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), тел. 8 (727) 2788-104 ішкі 5438,    www.nationalbank.kz. интернет-ресурста сейфтерді және металл шкафтарды жөндеу жөніндегі қызметтерді сатып алу  сатып алу туралы хабарлайды және аталған қызметті сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сейфтерді және металл шкафтарды жөндеуді  (бұдан әрі – Қызмет) сатып  алу  үшін бөлінген  сома –    1 412 250 теңге 00 тиын  ҚҚС сомасын есептемегенде.

3. Қызмет көрсету орны: Алматы қ., «Көктем-3 ш.а.», 21-үй.

4. Қызмет көрсету мерзімі:  Шарт күшіне енген күннен бастап 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығы.

5. Көрсетілетін Қызмет туралы толық ақпарат шарттың қосымшасында көрсетілген. 

6. Ақы төлеу талаптары: шарт бойынша ақы төлеуді Тапсырыс беруші нақты көрсетілген Қызмет үшін Тараптардың уәкілетті өкілдері Өтінім бойынша көрсетілген Қызмет актісіне (бұдан әрі – Акт) қол қойған және Жеткізуші шот-фактура ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Шарттың 14-бөлімінде көрсетілген Жеткізушінің банк шотына ақша аудару жолымен жүзеге асырады.

7. Әлеуетті жеткізушілерге баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05G1D2, Алматы қ., Панфилова көшесі 98, 219 бөлме.    

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы:
2019 жылы «20» ақпанда  09 сағат 00 минут.    

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2019 жылы  «27» ақпанда 10 сағат 00 минут.  

10. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2018 ж. «27» ақпанда 10 сағат 30 минутта, A05G1D2, Алматы қ., Панфилова көшесі 98, 204 бөлме мекен жайы  бойынша ашылады.  

11. Сатып алу туралы шарт жобасы және қағидалардың 8 - қосымшасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары қоса беріледі (бұдан әрі –Тауар).

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, тек бір ғана баға ұсынысын береді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды көрсетеді:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

Заңды тұлғалар үшін:

• Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);

• Толық деректемелері көрсетілген банк анықтасы;

 • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.

Дара кәсіпкер үшін:

• ДК тіркеу туралы куәлік;

• Толық деректемелері көрсетілген банк анықтасы;

• Жеке куәлігі;

• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса).

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

6. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1 тармақшада көрсетілгені бойынша алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға