1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Жылыту жүйесінің жылу тораптарына сервистік қызмет көрсету

№ п/п: 12982

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 21.02.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 27.02.2019 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ғимаратты жылыту жүйесінің жылу тораптарына сервистік қызмет көрсету бойынша қызметті сатып алу өткізілетіні туралы хабарландыру

 

       «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қаласы) атынан (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ғимаратты жылыту жүйесінің жылу тораптарына сервистік қызмет көрсету бойынша қызметті (бұдан әрі - Қызмет) сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.

Көрсетілетін қызмет көлемі – бір қызмет және сатып алу үшін бөлінген сома – ҚҚС-сыз 1 178 571(Бір миллион бір жүз жетпіс сегіз мың бес жүз жетпіс бір) теңге, 43 тиын.

        Қызметтің қысқаша сипаттамасы: Жылыту жүйесінің жылу тораптарына сервистік қызмет көрсету.

        Сатып алынатын Қызметтің техникалық ерекшеліктері шарт жобасының қосымшасында көзделген.

 Қызмет көрсету орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй.

 Талап етілетін қызмет көрсету мерзімдері: Шарт күшіне енген күннен бастап 2019 жылғы 31 желтоқсан бойынша мерзімде көрсетіледі.

  Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019 ж. «21»  ақпанда                      9 сағат 00 минуттан бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі –                 2019 ж. «27» ақпанда 18 сағат 00 минутта дейін, ұсыну орны – Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108-кабинет.

  Баға ұсыныстарын ашу – 2019ж. «27» ақпанда 18 сағат 15 минутта Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108 - кабинетте ашылады.

         Ақы төлеу мерзімі: Тапсырыс беруші Шарт бойынша ақы төлеуді Тараптардың жауапты тұлғалары көрсетілген Қызметті толық көлемде қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі – Акті) қолдарын қойғаннан кейін және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған соң 10 (он) операциялық күннің ішінде Жеткізушінің банк шотына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырады.

         Маңызды талаптары көрсетілген шарттың жобасы, соның ішінде техникалық ерекшеліктері қоса берілді.

        Өзге ақпараттар:

        Әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді, құжаттарды құрайтын, әлеуетті жеткізушуінің қолымен және мөрімен (бар болғанда) бекітілген қоса берілген нысан бойынша 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынады.

Баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған соң әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

Әлеуетті жеткізуші өзінің баға ұсынысын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын ұсыну күні мен уақыты аяқталғанға дейін желімделіп жапсырылған конвертте ұсынады.

 Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделіп жапсырылған конверттің бет жағына:

 1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

 2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

 3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылған сатып алынатын Қызметтің атауын көрсетеді.

 Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

        Жеткізуші шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың:

• Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;

• ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәліктің;

• толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасының;

• бірінші басшыны тағайындау бұйрығының көшірмелерін беруге міндеттенеді.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға