1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Павлодар филиалы қоймасының жылумен жабдықтау және желдету жүйелерін күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын сатып алу

№ п/п: 12985

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 21.02.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 28.02.2019 12:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй

Павлодар филиалы қоймасының жылумен жабдықтау және желдету жүйелерін күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын (бұдан әрі – Жұмыс) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Жұмыстарды орындаудың талап етілетін көлемі, сатып алуға бөлінген сома:

- Сатып алу туралы шарт жобасының талаптарына (бұдан әрі – Шарт жобасы) және 04.02.2019 ж. № 006/Т019 техникалық тексеру актісіне (бұдан әрі – Тексеру актісі) сәйкес сатып алуға бөлінген сома,  ҚҚС есептемегенде, 2 700 000,00 теңге.

          3. Сатып алынатын жұмыстардың қысқаша сипаттамасы:

           - Шарт жобасының талаптарына және Тексеру актісіне сәйкес (тексеру актісі қоса беріледі).

          4. Сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекше нұсқамасы: Жұмыстарға арналған Техникалық ерекше нұсқама Шарт жобасында қоса берілген.

5. Жұмыстарды орындау орны: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі. 44-үй.

6. Жұмыстарды орындау бойынша талап етілетін мерзім:

- Шарт жобасының талаптарына сай.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй, 312-кабинет, әкімшілік-шаруашылық бөлім.

8. Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019ж. 21.02. сағат 09:00-ден бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019ж.28.02.  сағат 12:00-ге дейін.

9. Баға ұсыныстары бар конверттер 2019ж.28.02. сағат 12:10-да мына мекенжайда ашылады: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй, 313-кабинет, әкімшілік-шаруашылық бөлім.

10. Төлем талаптары:

- Шарт жобасының талаптарына сай.

11. Елеулі талаптары, оның ішінде техникалық талаптары көрсетілген шарт жобасы қоса беріледі.

12. Баға ұсынысы мөр басылған конвертте беткі жағында мыналар көрсетіле отырып, ұсынылуы тиіс:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы;

2) осы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін (7-тармақта) сатып алуды  тапсырыс берушінің (ұйымдастырушының) атауы мен пошталық мекенжайы;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылатын Жұмыстарды (лотты) сатып алудың атауы.

13. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысында мынадай мәліметтер мен құжаттар болуы керек (баға ұсынысының үлгісі қоса беріледі):

1) әлеуетті жеткізушінің атауы мен нақты мекенжайы, БСН/ЖСН және банктік деректемелері;

2) орындалатын Жұмыстардың атауы және көлемі;

3) Жұмыстарды орындау орны мен мерзімі;

4) Жұмыс бірлігі үшін бағасы мен ҚҚС есептемегендегі Жұмыстардың жалпы бағасы;

5) әлеуетті жеткізуші қол қойған Техникалық ерекше нұсқама.

14. Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз өкілеттігін құжатпен (бұйрық, сенімхат) растауы  тиіс.

15. Әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған және мөрі басылған (бар болғанда) бір ғана баға ұсынысын ұсынуға құқылы.

16. Жүргізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (http://www.nationalbank.kz) интернет-ресурсында орналастырылады.

17. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8(7182) 70-44-29, 70-44-30.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға