1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қағаз және қағаз өнімдерін сатып алу

№ п/п: 13022

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 15.03.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 27.03.2019 16:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
сатып алу
өткізілетіні туралы хабарландыру

 

         «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қ.) атынан (010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй) хабарландыру орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қағаз және қағаз өнімдерін (бұдан әрі - Тауар) сатып алу  өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.

Сатып алуға бөлінген сомасы көрсетілген тауардың саны:

№ 1 лот- А4 қағазы (күңгірт қағаз) саны - 5 бума, ҚҚС есепке алмағанда соммасы 14 040  (он төрт мың қырық) теңге 20 тиын;

 № 2 лот- А4 қағазы (жылтыр қағаз) саны - 15 бума, ҚҚС есепке алмағанда соммасы 46 272  (қырық алты мың екі жүз жетпіс екі) теңге 30 тиын;

№ 3 лот- А3 қағазы саны - 5 бума, ҚҚС есепке алмағанда соммасы 11 718  (он бір мың жеті жүз он сегіз) теңге 75 тиын;

№ 4 лот- Ескертуге арналған қағазы саны - 164 бума, ҚҚС есепке алмағанда соммасы 86 393  (сексен алты мың үш жүз тоқсан үш) теңге 56 тиын;

№ 5 лот- Ескертуге арналған қағазы саны - 100 бума, ҚҚС есепке алмағанда соммасы 63 839  (алпыс үш мың сегіз жүз отыз тоғыз) теңге 00 тиын;

№ 6 лот- Жабысқақ қабаты бар қағазы саны - 230 бума, ҚҚС есепке алмағанда соммасы 32 857  (отыз екі мың сегіз жүз елу жеті) теңге 80 тиын.

Тауардың қысқаша сипаттамасы:

-А4 қағазы (күңгірт қағаз) (форматы А4 қағазы, 100 г/м2, бумада 500 парақ;

 -А4 қағазы (жылтыр қағаз) (форматы А4 қағазы, 200 г/м2, бумада 250 парақ);

-А3 қағазы (кеңсе қағазы А3, 80 г/м2, бумада 500 парақ);

- Ескертуге арналған қағазы (Ескертуге арналған қағазы, өлшемі (9 х 9 см 900 парақ), түрлі-түсті түсті парақтар;

-Ескертуге арналған қағазы (Ескертуге арналған қағазы, түсі: ақ, өлшемі     (9 x 9 x 9 см), мөлдір пластикалық қорапта);

- Жабысқақ қабаты бар қағазы (Жабысқақ қабаты бар қағаз өлшемі 7 х 7 см 400 парақ, 5 түсті);

         Техникалық ерекшеліктер шарт жобасының қосымшасында көзделген.

         Тауарды жеткізу орны: Астана қ., Бейбітшілік көшесі,21.

         Тауарды жеткізуге талап етілетін мерзімдер: Тапсырыс беруші Шарт тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн. 

Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі  – 2019 жылғы «15»  наурызда 09:00 сағаттан бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі -                              2019 жылғы «27» наурызда 18:00 сағатқа дейін, ұсыну орны - Астана                      қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.104-кабинет.

         Баға ұсыныстарын ашу – 2019 жылғы «27» наурызда 18 сағат 15 минутта, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.104-кабинет.

         Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші Шарт бойынша ақы төлеуді Тараптардың жауапты тұлғалары Тауарды толық көлемде қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі – Акті) қолдарын қойғаннан кейін және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған соң 10 (он) жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырады.

        Техникалық ерекшеліктер көрсетілген шарттың жобасы мен маңызды талаптары қоса берілді.

        Өзге ақпараттар:

             Әлеуетті жеткізуші қоса берілген нысан бойынша әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген хабарландыруда көзделген мәліметтер, құжаттар бар 1 (бір)  ғана  баға ұсынысын ұсынады.

             Баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған соң әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

         Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын желімделген конвертте баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын берудің аяқталу күні мен уақытына дейін ұсынады.

        Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің бет жағына:

        1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

         2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

         3) әлеуетті жеткізушінің қатысу үшін баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

             Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

       

          Жеткізуші Шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың:

          • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;

          • ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәліктің;

          • толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасының;

          • бірінші басшыны тағайындау бұйрығының көшірмелерін;

  • сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензисын;

• мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізілімінде жоқ екенін растауға міндеттенеді.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға