Негізгі құрал-жабдықтарды сақтандыру қызметтерін сатып алу
№ п/п: 13027
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 18.03.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 27.03.2019 18:30
Хабарламаның толық мәтіні:
1. Қазақстан Республикасы, А05G1D2, Алматы қ., Панфилов көш., 98-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Шаруашылық басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), 8(727) 2788-104 ішкі 5445, www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен негізгі құрал-жабдықтарды сақтандыру қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Негізгі құрал-жабдықтарды сақтандыру қызметтерін сатып алу үшін бөлінген сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 5 851 256,54 теңге.
3. Уәкілетті орган «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берген лицензияның болуы міндетті.
4. Сатып алу туралы техникалық ерекше нұсқама қоса беріледі.
5. Қызметтерді орындау орны – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы мүлкі.
6. Ақы төлеу талаптары - Сақтанушы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді Сақтандырушының банк шотына мынадай:
1) Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы сомасының 3% (үш пайызы) мөлшеріндегі алдын ала ақыны Сақтандырушы Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық көлемде енгізген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) алдын ала төленген соманы ескере отырып, қалған сақтандыру сыйлықақысын Сақтандырушы ұсынған төлем шоттарының негізінде орталықтандырылған тәртіппен ағымдағы айдың 15 (он бесінен) кешіктірілмеген мерзімде тең үлеспен ай сайынғы сақтандыру жарналары түрінде төлеу тәртібімен ақша аудару арқылы жүзеге асырады.
7. Қызметтер көрсету мерзімі: сақтандыруды қорғаудың қолданылу кезеңі Шарт күшіне енген күннен бастап басталады және 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда тәулігіне 24 (жиырма төрт) сағат бойы қолданыста болады.
8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 2019 жылғы «18» наурыздың 09 сағат 00 минут бастап.
9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2018 жылғы 27 наурыздың 18 сағат 30 минут дейін.
10. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05G1D2, Алматы қ., Панфилов көшесі, 98, 207 кабинет.
11. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2018 жылғы 28 наурыздың 09 сағат 30 минутта, A05G1D2, Алматы қ., Панфилов көшесі, 98, мекенжайында 207 кабинетте ашылады.
12. Негізгі құрал-жабдықтарды сақтандыру қызметтерін сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріліп отыр.
13. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге ұсынылып отырған тауардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ:
1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.
2. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
3) әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.
3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.
4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:
1) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
2) ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
3) Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
4) Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат.
5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.
6. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.