1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

А4 қағазын қайта сатып алу

№ п/п: 13028

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 18.03.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 27.03.2019 18:30

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Қазақстан Республикасы, А05G1D2, Алматы қ., Панфилов көш., 98-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Шаруашылық басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), 8(727) 2619-204 ішкі 5445,    www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен А4 қағазын (бұдан әрі –Тауар) қайта сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. А4 қағазы, саны – 7 700 бума, сатып алу үшін бөлінген сома – 9 968 728 теңге 00 тиын ҚҚС сомасын есептемегенде.

3. Сатып алынатын Тауарға толық ерекше нұсқама техникалық ерекше нұсқамада көрсетілген, (шарттың қосымшасы). 

4. Тауарды жеткізу орны  –  Алматы қ., «Көктем-3 ш.а.», 21-үй.

5. Ақы төлеу талаптары - шарт бойынша төлемді Тапсырыс беруші Тараптардың уәкілетті тұлғалары Тауарды қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі - Акт) қол қойған және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінің ішінде Шарттың 14-бөлімінде көрсетілген Жеткізушінің банктік шотына Шарттың жалпы сомасының 100% (жүз пайызы) мөлшерінде ақша аудару арқылы жүзеге асырады.

6. Тауарды жеткізу мерзімі: шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 2019 жылғы 18 наурыздың  09 сағат 00 минут бастап.  

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2019 жылғы 27 тнаурыздың 18 сағат 30 минут дейін. 

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05G1D2, Алматы қ., Панфилов көшесі, 98, 207 кабинет.   

10. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 28 наурыздың  10 сағат 00 минутта, A05G1D2, Алматы қ., Панфилов көшесі, 98, мекенжайында 207 кабинетте ашылады. 

11. А4 қағазын сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріліп отыр.

12. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге ұсынылып отырған тауардың техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.

2. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:

1) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

2) ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

3) Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;

4) Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат;

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

6. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға