COBIT 5 негіздері" курстарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу
№ п/п: 13031
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 19.03.2019 17:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 29.03.2019 17:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлама
1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасы, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй.
2. Сатып алынатын қызметтердің атауы:
Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен «COBIT 5 негіздері» курстарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
3. Көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі): Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 3 қызметкері үшін «COBIT 5 негіздері» курстары.
4. Сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС сомасын қоспағанда 535 714,29 теңге.
5. Қызмет сипаттамалары: 16 академиялық сағаттан кем емес тәжірибелі жұмысшылар үшін авторлық курстар келесіні қамтуы керек:
- АT-менеджменттің әдіснамаларын зерттеу және АТ саласындағы басқару ортасын түсіну;
- АТ басқару мақсаттары мен принциптерін сипаттау тәсілдерін зерттеу;
- АТ процестеріндегі бақылауды дамыту және енгізу тәсілдерін зерттеу;
- АT-менеджмент жүйесінің тиімділігін бағалау тәсілдерін зерттеу.
Cobit 5 әдіснамасы негізінде.
Тренерге қойылатын талаптар: тренердің кем дегенде 5 оқу курсын өткізу тәжірибесі болуы керек.
Сертификаттау: курстар соңында сертификат беру.
6. Қызмет көрсету орны және мерзімі: Алматы қаласында 2019 жылдың сәуір айында жұмыс күндері жеткізушінің аумағында.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019 жылғы «19» наурыз сағат 17 сағат 00 минуттан бастап. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы 2019 жылғы «29» наурыз 17 сағат 00 минут.
Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолмақол «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасына келесі мекен жайы бойынша беріледі.
Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 ж. «29» наурыз 17 сағат 30 минутта «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасында №440 бөлмеде ашылады.
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу туралы шартының жобасы берілген.
9. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын табыс ету өткізілетін сатып алу талаптарында және сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiмін бiлдiру нысаны болып табылады.
Әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын табыс етеді.
Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші қол қойылған сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге беріледі.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 2788-104 (вн. 5541).
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.