Негізгі құралдарды сақтандыру бойынша қызметті сатып алу
№ п/п: 13035
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 20.03.2019 10:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 28.03.2019 18:00
Хабарламаның толық мәтіні:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қаласы) атынан (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен негізгі құралдарды сақтандыру бойынша қызметті (бұдан әрі – Қызмет) сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.
Көрсетілетін Қызмет көлемі – бір қызмет және сатып алу үшін бөлінген сома – ҚҚС-сыз 821 326,52 (Сегіз жүз жиырма бір мың үш жүз жиырма алты) теңге, 52 тиын.
Қызметтің қысқаша сипаттамасы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі Орталық филиалының (Астана қ.) негізгі құралдарын сақтандыру бойынша Қызмет.
Сатып алынатын Қызметтің техникалық ерекшеліктері шарт жобасының қосымшасында көзделген.
Қызмет көрсету орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй.
Талап етілетін қызмет көрсету мерзімдері: Сақтандыру қорғанысының іске асырылу кезеңінде, Шарт күшіне енген күннен бастап 2019 жылғы 31 желтоқсан бойынша (қоса алғанда) бірінші сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда, нақты мүлікке қатысты іске асырылады.
Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019 ж. «20» наурызда 10 сағат 00 минуттан бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019 ж. «28» наурызда 18 сағат 00 минутта дейін, ұсыну орны – Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.104-кабинет.
Баға ұсыныстарын ашу – 2019ж. «28» наурызда 18 сағат 15 минутта Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.104 - кабинетте ашылады.
Маңызды талаптары көрсетілген шарттың жобасы, соның ішінде техникалық ерекшеліктері қоса берілді.
Өзге ақпараттар:
Әлеуетті сақтандырушы хабарландыруда көзделген мәліметтерді, құжаттарды құрайтын, әлеуетті сақтандырушының қолымен және мөрімен (бар болғанда) бекітілген қоса берілген нысан бойынша 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынады.
Баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған соң әлеуетті сақтандырушы ұсынған баға ұсынысына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
Әлеуетті сақтандырушы өзінің баға ұсынысын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын ұсыну күні мен уақыты аяқталғанға дейін желімделіп жапсырылған конвертте ұсынады.
Әлеуетті сақтандырушы баға ұсынысы бар желімделіп жапсырылған конверттің бет жағына:
- әлеуетті сақтандырушының атауын және пошталық мекенжайын;
- сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
- қатысу үшін әлеуетті сақтандырушының баға ұсынысы ұсынылған сатып алынатын Жұмыстың атауын көрсетеді.
Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.
Сақтандырушы шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың:
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;
- ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәліктің;
- толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасының;
- бірінші басшыны тағайындау бұйрығының көшірмелерін беруге міндеттенеді.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.