АИ-95, АИ-92 жанармай сатып алу
№ п/п: 13038
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 27.03.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 02.04.2019 18:30
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру.
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы C00Y4P0, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй мекенжайында орналасқан, тел. 8 (7162) 551800 (вн.2221) www.nationalbank.kz. интернет-ресурста баға ұсынысын сұрату тәсілімен АИ-95 және АИ-92 бензинін (бұдан әрі – Тауар) сатып алуға қатысуға шақырады.
- Сатып алу үшін бөлінген сомасы көрсетілген тауардың атауы және қысқаша сипаттамасы:
№1 лот - АИ-95 бензині, көлемі 3200 литр, ҚҚС сомасын есептемегенде 600 000,00 ( алты жүз) теңге.
№2 лот - АИ-92 бензині, көлемі 6700 литр, ҚҚС сомасын есептемегенде 1 136 521,00 ( бір миллион бір жүз отыз алты мың бес жүз жиырма бір) теңге.
- Техникалық сипаттамасы шарттың жобасына қосымшада көрсетілген. Жеткізуші Тапсырыс берушіге Жеткізуші берген талондардың негізінде Көкшетау және Ақмола облыстарында орналасқан жанармай құю станцияларынан Тауарды ұсынуға міндеттенеді.
- АИ-95 және АИ-92 бензинге Талондарды жеткізу орны: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй.
- Талондарды жеткізу мерзімі: Шарт күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде.
- Әлеуетті жеткізушілерге баға ұсыныстарын беру орны – Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй, әкімшілік-шаруашылық бөлімі.
- Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің бастауы: 2019 жылы «27» наурызда 09 сағат 00 минут.
- Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2019 жылы «02» сәуірде 18 сағат 30 минут.
- Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылы «03» сәуір 10 сағат 00 минутта, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй, әкімшілік-шаруашылық бөлімі мекенжайында ашылады.
- Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші Шарт бойынша төлемақыны Тараптардың жауапты тұлғалары Тауарды қабылдау-өткізу актісіне қол қойған және Жеткізушінің шот-фактураны ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде Шарттың толық сомасын Жеткізушінің банктік шотына аудару жолымен жүзеге асырады.
- Негізгі талаптар көрсетілген шарт жобасы, сонымен қатар техникалық сипаттамасы қоса беріледі.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
- Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен пошталық мекенжайы;
3) ) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылған лоттың атауы.
Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына[1] сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.
- Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте беріледі.
Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:
1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
- Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.
- Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
- Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
- Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар.
- Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.
- Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 55-18-00, ішкі: 2223.
[1] Қазақстан Республикасынығң Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы №192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.