1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ақпараттық тақтайшаларды (мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін) дайындау және орнату қызметтерін сатып алу

№ п/п: 13041

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 28.03.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 03.04.2019 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен

ақпараттық тақтайшаларды (мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін)

 дайындау және орнату қызметтерін сатып алуды жүргізу туралы

Хабарландыру

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Шығыс Қазақстан филиалы (бұдан әрі – тапсырыс беруші (ұйымдастырушы), мына мекенжайда орналасқан: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ, Қазақстан к., 3-үй баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ақпараттық тақтайшаларды (мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін) дайындау және орнату қызметтерін (бұдан әрі – Қызмет)  сатып алуды жүргізуі жөнінде хабарлайды.

1. Cатып алуға бөлінген сома ҚҚС есептемегенде 1 074 375 теңгені құрайды.

2. Қызметтерді көрсету талаптары, мерзімдері, сондай-ақ төлем шарттары мен тәртібі елеулі талаптары көрсетілген сатып алу туралы қоса берілген шарт жобасында көрсетілген.

 

        3. Қызмет көрсету орны: ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан көш, 3.

        4. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны: F02D8A4, ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан көш, 3-үй, 601-бөлме, әкімшілік-шаруашылық бөлімі.

        5. Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019ж. 28.03. сағат 9:00-ден бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2019ж.03.04.  сағат 18:00-ге дейін.

        6. Баға ұсынысының ашудың күні және уақыты – 2019ж.04.04. сағат 10:00-де.

7. Әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған және мөрі басылған (бар болғанда) 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынады, онда келесі мәліметтер мен құжаттар болуы керек:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы мен нақты мекенжайы, БСН/ЖСН және банктік деректемелері;

2) көрсетілетін Қызметтің атауы, сипаттамасы және саны;

3) Қызмет көрсету орны мен мерзімдері;

4)  ҚҚС есептемегенде Қызмет үшін бағасы.

8. Баға ұсынысы мөр басылған конвертте конверттерді ашу рәсіміне дейін беткі жағында келесілер көрсетіле отырып, ұсынылуы тиіс:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
  2. осы хабарламаның 4-тармағында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін сатып алудың (ұйымдастырушының) тапсырыс берушісінің атауы мен пошталық мекенжайы;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылатын Қызметды (лотты) сатып алудың атауы.

        9. Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз  өкілеттігін құжатпен (бұйрық, сенімхат, жеке бас куәлігі) растауы тиіс.

 

10. Жүргізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.

11. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7232)       560-687.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға