1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызметін сатып алу

№ п/п: 13051

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 04.04.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 10.04.2019 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қаласы) атынан (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөліктерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.

        Сатып алуға бөлінген сомасы көрсетілген Қызметтің көлемі және  Қызметтің қысқаша сипаттамасы:

        №1-лот - Lexus LS460 автокөлігіне техникалық қызмет көрсету,                        ҚҚС есепке алмағанда 160 714 (бір жүз алпыс мың жеті жүз он төрт) теңге                29 тиын;

        №2-лот - Toyota Coaster автокөлігіне техникалық қызмет көрсету,                        ҚҚС есепке алмағанда 139 285 (бір жүз отыз тоғыз мың екі жүз сексен бес) теңге 71 тиын;

        №3-лот  - Volkswagen Transporter Kombi автокөлігіне техникалық қызмет көрсету, ҚҚС есепке алмағанда 353 571 (үш жүз елу үш мың бес жүз жетпіс бір) теңге 42 тиын.

        Сатып алынатын Қызметтің техникалық ерекшеліктері – автокөлікті жөндеу бойынша техникалық қызмет көрсетудің мамандандырылған станциясы түрінде материалдық-техникалық базасының болуы, кем дегенде 3 (үш) тонна жүкті көтеретін 3 (үш) автокөтергішінің болуы керек.

         Қызмет көрсету орны – Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Жеткізушінің тұрған жері бойынша көрсетіледі.

         Қызмет көрсетуге талап етілетін мерзімдер: Жеткізуші Қызметті автокөлікті қабылдау-тапсыру актісі бойынша қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінің ішінде көрсетеді.

        Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі  – 2019 жылғы «04» сәуір 09:00 сағаттан бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі -                              2019 жылғы «10» сәуір 18:00 сағатқа дейін, ұсыну орны - Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.104-кабинет.

        Баға ұсыныстарын ашу – 2019 жылғы «10» сәуір, 18 сағат 20 минутта,               Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.104-кабинетте.

        Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші ақы төлеуді Тараптардың жауапты тұлғалары толық көлемде көрсетілген Қызмет актісіне қолдарын қойғаннан кейін және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған соң 10 (он) жұмыс күнінің ішінде Қызмет көрсету дерегі бойынша Жеткізушінің банктік шотына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырады.   

        Маңызды талаптары, соның ішінде техникалық ерекшеліктер көрсетілген шарттың жобасы қоса берілді.

        Өзге ақпараттар:

        Әлеуетті жеткізуші қоса берілген нысан бойынша әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген 1 (бір)  ғана  баға ұсынысын ұсынады, ол келесі мәліметтер мен құжаттардан тұрады.

        Сондай ақ, әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекшеліктер қоса беріледі.

        Баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған соң әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

        Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын желімделген конвертте баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын берудің аяқталу күні мен уақытына дейін ұсынады.

        Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің бет жағына:

        1) әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;

        2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

        3) әлеуетті жеткізушінің қатысу үшін баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

            Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

       

        Жеткізуші Шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың:

        Заңды тұлғалар үшін:

        • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;

        • ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәліктің;

        • толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасының;

        • бірінші басшыны тағайындау бұйрығының көшірмелерін беруге міндеттенеді.

        Жеке кәсіпкерлер үшін:

  • тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік

қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке кәсіпкер үшін);

  • толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасының;
  • жеке куәліктің;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің (егер салық салынса)

көшірмелерін беруге міндеттенеді.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға