1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Қызылорда филиалының аймағын көркейтуге жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмысын сатып алу туралы хабарландыру

№ п/п: 13054

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 08.04.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 15.04.2019 10:00

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Қызылорда филиалының аймағын көркейтуге жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмысын сатып алу туралы хабарландыру

 

1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалы, N01X8D2, Қызылорда қ., Бекзатхан Асқар көшесі, 30, электрондық мекенжайы: kuz_11@nationalbank.kz, 8 (7242) 55-15-25 ішкі тел.3161 баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Қызылорда филиалының аймағын көркейтуге жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмысын сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алынатын жұмыстың атауы және саны, сатып алу үшін бөлінген сома:  Қызылорда филиалының аймағын көркейтуге жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу, жымыс көлемі «Қызылорда филиалының аймағын көркейтуге жоба сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша» техникалық тапсырмасында көрсетілген, сатып алу үшін бөлінген сома – 1 441 826,43 (бір миллион төрт жүз қырық бір мың сегіз жүз жиырма алты) теңге 43 тиын, ҚҚС-сыз.

3. Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (ол бар болса) көрсетілген, сатып алынатын жұмыстардың қысқаша сипаттамасы: Қысқаша сипаттамасы Шарттың Қосымшасында көрсетілген.

4. Сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекше нұсқамасы: Техникалық нұсқамасы Шарттың қосымшасында көрсетілген.

5. Жұмысты орындау орны: Қызылорда қ., Бекзатхан Асқар көшесі, 30.

6. Жұмысты орындау мерзімдері: Шарт күшіне енген күннен бастап жұмыс 40 (қырық) күн.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын табыс ету орны және соңғы мерзімі:  Қазақстан Республикасы, N01X8D2, Қызылорда қ., Бекзатхан Асқар көшесі, 30. Баға ұсыныстарын табыс етудің басталу мерзімі – 2019 жылдың «8» сәуірде сағат 09-00  бастап.

 Баға ұсыныстарын табыс етудің аяқталу мерзімі - 2019 жылдың  «15» сәуірде сағат 10-00 дейін.

8. Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты мен орны: Баға ұсыныстары бар хатқалтаны ашу күні мен уақыты: 2019 жылдың «15» сәуірде сағат 11-00. Қазақстан Республикасы, N01X8D2, Қызылорда қ., Бекзатхан Асқар көшесі, 30.

9. Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.

10. Маңызды талаптарын көрсете отырып сатып алу туралы шарттың жобасы: қоса тіркелген.

Әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген баға ұсынысында мына мәліметтер мен құжаттар болуы тиіс:

- әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

- Атқарылатын жұмыстың атауы, саны;

 - Жмысты орындау  орны және мерзімі;

- жұмысты орындауға байланысты шығыстарды қоса алғанда, жұмыстың бағасы мен жалпы бағасы, қосымша құн салығын есептемегенде;

- әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқама.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген хатқалтаны ашу рәсімдерінің басталу уақытына дейін жабылған күйінде сырт жағында мыналар болуы тиіс:

 - әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошта(заңды) мекенжайы;

- тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген тиісті мәліметтерге сәйкес келетін толық атауы және пошта мекенжайы;

- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауардың  атауы.

 Әлеуетті жеткізуші қоса тіркелген нысан бойынша 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынуға құқығы бар. Баға ұсыныстары бар хатқалтаны ұсынушы әлеуетті жеткізушінің өкілі өзінің құзыреттілігін растау керек (жеке куәлігі, бұйрық немесе сенімхат). Шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) қол қойылған шарттың жобасын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) беріледі. Өткізілген сатып алулардың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің httр://www.nationalbank.kz интернет- ресурсында орналастырылатын болады. Қосымша ақпаратты 8(7242) 55-15-25, ішкі.3161 телефоны арқылы алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға