Үздіксіз қоректендіру көздеріне аккумуляторлы батареялар сатып алу туралы
№ п/п: 13055
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 08.04.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 12.04.2019 18:30
Хабарламаның толық мәтіні:
Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы, C00Y4P0, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй мекенжайында орналасқан, тел. 8 (7162) 551800 (ішкі 2221) www.nationalbank.kz. интернет-ресурста үздіксіз қоректендіру көздеріне аккумуляторлы батареялар (бұдан әрі – Тауар) сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Тауардың атауы, қысқаша сипаттамасы және сатып алу үшін бөлінген сома:
Үздіксіз қоректендіру көздеріне 632 дана көлемінде аккумуляторлы батареялар, ҚҚС сомасын есептемегенде 7 554 371,84 теңге.
3. Техникалық сипаттамасы шарт жобасына қосымшада көрсетілген.
4. Тауарды жеткізу орны: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй.
5. Тауарды жеткізу мерзімі: Шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 8 (сегіз) күн.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй, әкімшілік-шаруашылық бөлімі.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің бастауы: 2019 жылғы «08» сәуір 09 сағат 00 минут.
8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2019 жылғы «12» сәуір 18 сағат 30 минут.
9. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы «15» сәуірде 10 сағат 00 минутта, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй мекенжайындағы әкімшілік-шаруашылық бөлімінде ашылады.
10. Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші Шарт бойынша төлемақыны толық көлемде Жеткізушінің банктік шотына Тараптардың жауапты тұлғалары Тауарды қабылдау-өткізу актісіне қол қойған және Жеткізушінің шот-фактураны ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде аудару жолымен жүзеге асырады.
11. Маңызды талаптар көрсетілген шарт жобасы, оның ішінде техникалық сипаттама қоса беріледі.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтерді (құжаттарды) қоса:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауы, нақты мекенжайы;
3) сатып алуға қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын ұсынған лоттың атауы, тек бір баға ұсынысын береді.
Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына[1] (қоса беріледі) сәйкес ресімделуге тиіс. Баға ұсыныстарын берудің түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін әлеуетті жеткізушіге ұсынған баға ұсынысына өзгертулер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі.
Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:
1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
3) сатып алуға қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын ұсынған лоттың атауын көрсетеді.
3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.
4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:
· Заңды тұлғаның/ Жеке Кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
· ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
· Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
· Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар.
5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қойып, сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға қайтарады.
6. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 55-18-00, ішкі: 2221.
[1] Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқарманың 2018 жылғы 27 тамыздағы №192 қаулысымын бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.