Шкафтарды сатып алу
№ п/п: 13067
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 18.04.2019 11:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 25.04.2019 11:00
Хабарламаның толық мәтіні:
- Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы): Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі РММ атынан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалы, 040000, Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 58/64, Электрондық мекенжайы: Tald_80@nationalbank.kz. Телефон: 8(7282) 55-95-08, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен шкафтарды сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатусыға шақырады.
- Сатып алуға бөлінген сомаға тауардың саны:
- лот: Шарттың ерекше нұсқамасына сәйкес құжаттарға арналған шкаф, саны 19 дана. Сатып алуға бөлінген сома, ҚҚС сомасын есептемегенде, 1 009 470 (бір миллион тоғыз мың төрт жүз жетпіс) теңге 00 тиын.
- лот: Шарттың ерекше нұсқамасына сәйкес шкаф, саны 12 дана. Сатып алуға бөлінген сома, ҚҚС сомасын есептемегенде, 762 300 (жеті жүз алпыс екі мың үш жүз) теңге 00 тиын.
- Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (болған кезде) көрсетілген сатып алынатын тауардың қысқаша сипаттамасы: Құжаттарға арналған шкаф. Шкаф.
- Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы (болған кезде). Әлеуетті жеткізушіге Шарт жобасының қосымшасына сәйкес толтырылған техникалық нұсқама ұсынылуы тиіс.
- Тауар үлгілерін тестілеу бағдарламасы (болған кезде).
- Тауарды жеткізу орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 58/64.
- Тауарды жеткізу үшін талап етілетін мерзім: Тапсырыс беруші мен Жеткізушінің уәкілетті өкілдері Шартқа қол қойған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күн.
- Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі:
Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі -2019 ж. 18 сәуір, сағат 11:00. бастап
Баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі- 2019 ж. 25 сәуір, сағат 11:00. дейін
- Баға ұсыныстарын ашу күні және уақыты: 2019 ж. 25 сәуір, сағат 12:00.
- Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші Шарт бойынша төлемақыны Жеткізушінің банктік шотына ақша аудару арқылы мынадай тәртіпте жүзеге асырады:
Тапсырыс беруші Жеткізушіге Шарттың жалпы сомасының 10 % (он) пайыз мөлшерінде алдын ала төлемақыны Шартты жасасқан күннен бастап 10 (он) жұмыс ішінде;
осы Шарт бойынша Қызметтің жалпы құнынан қалған 90% (тоқсан пайыз) мөлшерін Тапсырыс беруші Тараптар Қызметті толық көлемде қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі-Акт) қол қойған және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған күннен бастап 10 (он) операциялық күн ішінде.
- Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (болған кезде) көрсетілген шарт жобасы қоса беріледі. Бұл ретте әлеуетті жеткізушілер сатып алу туралы шарт жобасының талаптарына келісімін беруі тиіс.
Әлеуетті жеткізуші қолтаңбасымен және мөрімен (болған жағдайда) басылған мынадай мәліметтерден тұратын тек бір ғана баға ұсынысын Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрбір лотқа береді
Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарды ұсыну мерзімінің аяқталуына дейінгі күнде және уақытта берілуі тиіс.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беткі жағына мыналарды көрсетуге тиіс:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошталық мекенжайы;
- сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы;
- әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысында сатып алынатын тауардың атауы.
Баға ұсынысы бар конверттің ресімделуі жоғарыда аталған талаптарға сай келмеген, сондай-ақ конверт ұсыну мерзімі өткеннен кейін ұсынылған жағдайда тіркеуге алынбайды және конвертті ұсынған адамға қайтарылады.
Егер әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысында:
- сатып алуға бөлінген сомадан артық болса;
- 1 (бір) баға ұсыныстан артық баға ұсыныс жасаса;
- баға ұсынысы техникалық ерекше нұсқамасында аталған талаптарға сәйкес келмесе;
- техникалық ерекше нұсқама талап етілген кезде әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекше нұсқаманы ұсынбаса;
- сатып алу туралы шарт жобасының маңызды талаптарымен келіспесе;
- әлеуетті жеткізуші сатып алуға жозықсыз қатысушылар тізілімінде тұрса, онда оның баға ұсынысы қабылданбайды.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.