1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Жиһаздар жиынтығын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

№ п/п: 13068

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 22.04.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 26.04.2019 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалы, 150000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан                                                           Конституциясы к.,6 баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жиһаздар жиынтығын сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алынатын тауарлардың атауы:

– жиһаздар жиынтығы -  саны 4 (төрт) жиынтық. жиһаздар жиынтығы (Компьютерлік үстел, киім шкафы -1 дана, құжаттар шкафы -2 дана, пенал -1 дана, жылжымалы тумба -1 дана, жанама үстел -1 дана, журнал үстелі – 1 дана.).

3. Сатып алуға бөлінген сома – ҚҚС есебінсіз 1620 000,00 теңге.

4. Саны (көлемі) - жиынтық  4 (төрт). Жеткізу мерзімі 2018 жылғы 10 желтоқсанға дейін. Жеткізу орны: «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалы, 150000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі,6.

5. Техникалық ерекше нұсқама шарт жобасында көрсетілген.

6. Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімінің аяқталуы – 2018 жылғы 16 қараша күні 18.00 сағатқа дейін: «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалы, 150000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі,6.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын желімделген конвертте ұсынады.

Әлеуетті жеткізуші желімделген конверттің бет жағына:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошталық (заңды) мекенжайы;

2) сатып алу туралы хабарламада көрсетілген мәліметтерге сәйкес тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушы) атауы және пошталық мекенжайы;

3) әлеуетті жеткізушінің қатысуы үшін баға ұсынсы берілген сатып алынатын тауардың, жұмыстың, қызметтің, лоттың атауы.

Әлеуетті жеткізуші тек бір ғана баға ұсынысын ұсынады. Баға ұсынысының нысаны қоса берілді.

Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз өкілеттігін құжаттама (бұйрық, сенімхат) арқылы растауы тиіс.

Баға ұсыныстарын ашу күні және уақыты: 2018ж. 19 қараша күні 9:00 сағатта.

7.Маңызды талаптары көрсетілген Шарттың жобасы, соның ішінде техникалық талаптары қоса беріледі.

 Өткізілген сатып алу қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  http://www.nationalbank.kz. интернет-ресурсына орналастырылатын болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға