1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Анализ және болжау жүйесі (FPAS – Forecasting and Policy Analysis System)

FPAS ақша-кредит саясаты бойынша шешімдер қабылдау кезінде ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мақсаттары үшін қызмет етеді және инфляцияны таргеттеу үшін қажетті барлық элементтерден тұрады: деректерді жинау және өңдеу, ағымдағы экономикалық ахуалдың мониторингі, модельдерді әзірлеу және жетілдіру, ақша-кредит саясаты бойынша шешімдер қабылдау процесі, сондай-ақ ашық коммуникациялық саясат.

Бұл жүйе ақша-кредит саясаты бойынша стратегиялық шешімдер қабылдау негізіне қабылданатын экономиканың жай-күйін және даму перспективаларын бағалау мақсатында макроэкономикалық көрсеткіштердің қысқа мерзімді және орта мерзімді болжамдарын әзірлеу процесін қамтиды. Болжам жылына 4 рет жүзеге асырылады және статистикалық ақпараттың шығуына байланысты.

FPAS 2 негізгі кезеңнен тұрады:

  • ағымдағы жағдайларды талдау және қысқа мерзімді болжам;
  • орта мерзімді болжам.

1-кезеңде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің ағымдағы серпінін талдау, сондай – ақ эконометриялық техникаларды пайдалана отырып, қысқа мерзімді болжам жүргізіледі және пайдалану мен өндіру әдісімен есептелетін ЖІӨ-ді, инфляция және оның компоненттерін, сондай-ақ сыртқы алғышарттарды (негізгі елдер-сауда серіктестері) болжауды қамтиды. Алынған нәтижелер орта мерзімді болжауды жүзеге асыру үшін пайдаланылады (2-кезең).

Осылайша, FPAS инфляцияның күтілетін деңгейін, экономика құрылымын және ЖІӨ өсуін ескере отырып, орта мерзімді перспективаға базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жоғарыға