1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан тұрақты жұмыс істейтін үкіметаралық халықаралық ұйымы болып табылады. Оның құрылғандығы туралы Шанхайда (ҚХР) 2001 жылғы 15 маусымда жарияланды.

ШЫҰ негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

  • қатысушы елдер арасында өзара сенімділік пен ынтымақты көрші болуды нығайту
  • олардың саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салаларда, сондай-ақ білім беру, энергетика, көлік, туризм, қоршаған ортаны қорғау және басқа салаларда тиімді ынтымақтастығына жәрдем ету
  • аймақта бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты бірлесе отырып қамтамасыз ету және қолдау
  • демократиялық, әділ және орынды жаңа халықаралық саяси және экономикалық тәртіп құруды ілгерілету.

ШЫҰ-да  шешімдерін қабылдайтын жоғарғы орган – ШЫҰ Мемлекет басшыларының кеңесі (МБК). МБК отырысы жылына бір рет өтеді.

Толығырақ ақпаратты ШЫҰ-сайтынан алуға болады rus.sectsco.org/20151208/16789.html 

Жоғарыға