Қазақстан Ұлттық Банкі

Ломбардтық тізім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің  бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционында кепілдікке қабылданатын келесі бағалы қағаздар тізбесінен тұрады:

Бағалы қағаздың түрі

 1. Қазақстан Республикасының теңгемен номинирленген мемлекеттік бағалы қағаздары

 2. Алматы қ. және Астана қ. жергілікті атқарушы органдарының теңгемен номинирленген облигациялары

 3. Халықаралық қаржы ұйымдарының теңгемен номинирленген облигациялары

 4. Қазақстандық және шетелдік эмитенттердің теңгемен номинирленген, жетекші рейтинг агенттіктердің (Standard&Poor's, Fitch немесе Moody's) бірінің шкаласы бойынша Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингі деңгейінде немесе одан жоғары рейтингі бар облигациялары (теңгемен номинирленген және валюталық тәуекелдері бар бағалы қағаздарды қоспағанда)

 5. Қазақстандық және шетелдік эмитенттердің теңгемен номинирленген, Standard&Poor's және/немесе Fitch шкаласы бойынша «BB-»-ден және/немесе Moody's шкаласы бойынша «Ba3»-тен төмен емес немесе одан жоғары рейтингі бар корпоративтік облигациялары (теңгемен номинирленген және валюталық тәуекелдері бар бағалы қағаздарды қоспағанда)

Жоғарыға