Қазақстан Ұлттық Банкі

Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есебі

Қаржылық тұрақтылықты айқындайтын жүйелік тәуекелдер мен негізгі факторларды кешенді талдау және бағалау жөніндегі Қазақстан Ұлттық Банкінің Есебі. 

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу жөніндегі міндеттерге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылдан бастап мерзімді негізде Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы Есепті жариялайды. Есеп негізгі тәуекелдер мен қаржылық тұрақтылық осалдығының факторларын кешенді талдау және бағалау нәтижелерін қамтитын Қазақстан Ұлттық Банкінің ақпараттық-талдамалық басылымы болып табылады.

Есепте сыртқы және макроэкономикалық факторларды, оның ішінде қаржы жүйесінің тұрақтылығына әсер ететін құрылымдық факторларды тұрақты талдау нәтижелері жарияланады, қаржылық реттеу, бизнес-ортаның даму деңгейі және Қаржы нарығын дамыту мәселелері көрсетіледі. Есеп қаржы жүйесінің осалдығының неғұрлым маңызды факторларына назар аударады, оларға назар аудару және талқылау, тәуекелдерді реттеудің неғұрлым тиімді құралдарын іздеуге әкелуі тиіс. Есеп беру шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі қаржылық тұрақтылық саласындағы зерттеулер мен тәуекелдерді талдау нәтижелерін тарату бойынша міндет қояды.

Есеп қаржы нарығының қатысушыларына, сондай-ақ қаржылық тұрақтылық мәселелеріне мүдделі аудиторияға бағытталған. 

2006 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есебімен танысу

Жоғарыға