1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ақша-кредит және банк статистикасы

Ақша-кредит статистикасы қаржылық статистиканың негізгі бөлігі болып табылады және бейрезиденттер мен басқа резидент секторларға қарағанда қаржылық ұйымдар – елдің резиденттерінің қаржылық талаптары мен міндеттемелері бойынша қорлары мен ағындарын қамтиды.

Ақша-кредит статистикасын қалыптастырудың әдіснамасы 2000 ж. шығарылған ХВҚ-ның ақша-кредит және қаржылық статистикасы бойынша нұсқаулығында  (АКҚСН) баяндалған тұжырымдамалар мен анықтамаларға сәйкес келеді, олар Ұлттық есепшоттар жүйесінің тұжырымдамалары мен анықтамаларына сәйкес келеді. АКҚСН-ның ұсыныстық сипаты  ХВҚ-ның мүше елдерінің ұлттық мүдделері/өзгешеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Ақша-кредит статистикасы қаржылық сектор мен басқа институционалдық секторлар арасындағы қарым-қатынастарды талдау үшін статистикалық базасын қамтамасыз етеді, оның ішінде кең ақша агрегаттары, кредит агрегаттары, өтімділікпен қамтамасыз ету шаралары арқылы.

Монетарлық шолуларды, халықаралық резервтер мен ҚР Ұлттық қорының активтері бойынша көрсеткіштерді, ақша агрегаттарын қалыптастыру негізі - қаржылық ұйымдардың теңгерімдерінің шоттары, сыртқы басқарушылардың есептілігі және ведомстволық статистикалық есептілігінің нысандары (сақтандыру ұйымдары және БЖЗҚ бойынша) болып табылады.

Монетарлық шолулар қаржылық ұйымдардың (Ұлттық Банк, екінші деңгейдегі банктер, басқа қаржылық ұйымдар) бейрезиденттер мен экономиканың ішкі секторларына қарағанда талаптар мен міндеттемелерін көрсетеді.

Депозиттік, кредиттік және валюта нарықтарының кестелері үшін біріктірілген деректер екінші деңгейдегі банктердің ведомстволық статистикалық есептілігінің «СБ» нысандары бойынша берілетін есептерін жинау, өңдеу және біріктіру нәтижесінде қалыптастырылады. Депозиттік және кредиттік нарықтары бойынша ақпарат ЕДБ-нің банктік емес заңды тұлғалардан және жеке тұлғалардан тартқан депозиттердің және ЕДБ-нің банктік емес заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға берген кредиттердің көлемдері мен сыйақы мөлшерлемелерін қамтиды. Банктік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік басқару органдары мен қаржылық ұйымдары жатпайды, жеке тұлғалардың ішіне жеке кәсіпкерлер кіреді.

 «Валюта нарығы» бөлімшесі шетел валютасын сатып алу/сату және КASE-дегі сауда-саттық қорытындылар жағынан ішкі валюта нарығындағы жағдайды сипаттайды. Ақпарат дереккөздері - Қазақстан Қор Биржасының деректері және айырбас орындарының есептері болып табылады.

Жарияланатын кестелерде өлшем бірліктері көрсетіледі, қамту және есепті кезең анықталады. «Кезеңнің соңына» немесе «01.01…» жазулары есепті кезеңнің соңындағы жағдайына берешектің қалдықтарын білдіреді. «Кезеңде» жазуы көрсетілген кезеңдегі (ай, жыл) қаржының ағынын білдіреді.

ХВҚ-ның ұсынымдары бойынша активтерді қайта жіктеуге, әдіснаманың өзгеруіне, деректерді нақтылауға, ақпараттың басқа дереккөздерінен алынған ұқсас көрсеткіштерді салыстыру кезінде алшақтықтар табылғанына байланысты деректер түзетілген кезде қайта жариялану қажет. Осыған байланысты, есепті кезеңде, немесе келесі есепті кезеңдерде ақша-кредит статистикасының бұрында жарияланған көрсеткіштері түзетілуі мүмкін. Бұдан басқа жыл сайын есепті жылдың желтоқсанындағы деректер келесіде қорытынды айналымдарды есепке алып анықталады.

Жоғарыға