Қазақстан Ұлттық Банкі

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) 2014 жылғы 24 қазанда кұрылды. 105 мемлекет ұйымға мүше болып табылады. Ресей, Қытай және Үндістан АИИБ-та басым дауысқа ие. АИИБ-тың негізгі мақсаты – Азия – Тынық мұхиты аймағындағы қаржылық ынтымақтастықты ынталандыру, Азиядағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру.

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 24 маусымда АИИБ келісімінің баптарын ратификациялады. Қазақстан Ұлттық Банкі АИИБ-тағы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы қаражаттары мен өзге де активтерінің депозитариі болып табылады.

Жоғарыға