1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Бұл кестеде Қазақстан банктеріндегі резиденттердің (заңды және жеке тұлғалардың) салымдары туралы мәлімет берілген. Ақпарат өңірлердегі салым түрлері (ағымдағы шоттар есепке алынбаған) мен валюта түрлеріне қарай жіктеледі. Бұл деректер салымдардың аймақтардағы таралымын, депозит нарығының динамикасын, салымшылардың таңдауы мен валюта құрылымын талдауға мүмкіндік береді.

Мәліметтер ай сайын, бір ай кешігіп жарияланады (мысалы, қаңтардағы деректер ақпанда жарияланады).

Банк салымдарының түрлері:

Қажет болғанға дейінгі салым – бұл салымнан ақшаңызды бірінші сұраған кезде толық немесе жартылай алуға болады, әрі есептелген пайыздан қағылмайсыз. Әдетте процент минималды ставкамен есептеледі.

Шартты салым – белгілі бір шарттар орындалғанда ғана ақшаңызды ала аласыз, ал процент салым шартына сәйкес есептеледі.

Мерзімі бар салым – белгілі бір мерзімге ашылатын салым. Егер ақшаны толық немесе жартылай мерзімінен бұрын алсаңыз, сыйақының бір бөлігі ұсталып қалуы мүмкін.

Жинақ салымы – белгілі мерзімге ашылып, процентпен ақша жинауға арналған салым.

Ағымдағы шот – қаржы операцияларын жүргізуге арналған шот, онда ақшаңызды кез келген уақытта шектеусіз салып, алып, аудара аласыз.

262.08 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға