1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹23 01/01/2013

2012 жылда банктер және «Қазпочта» АҚ Кестеде  ұсынылған  төлем  құралдарын  пайдалана  отырып 124 948.2  млрд. теңге сомаға  310 307.2 мың транзакция көлемінде транзакция өткізді.

Бұрынғыдай Қазақстанның аумағында төлем тапсырмалары және төлем карточкалары неғұрлым таралған төлем құралдары болып табылады. Бұл ретте, бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2012 жылда 1.0 млн. теңге құрады. Сонымен бірге төлемдер саны бойынша төлем карточкаларының жоғары үлес салмағы және төлемдер көлемі бойынша төмен үлес салмағы осы төлем құралын негізінен шамалы қолма-қол ақша сомасын алу үшін пайдаланылатындығымен сипатталады (2012 жылда бір транзакцияның орташа сомасы 32.7 мың теңге болды).

2012 жылда төлем құралдарының ішіндегі төлем талаптары – тапсырмалар және инкассалық өкімдер аз пайдаланылады. Жалпы сан мен көлемдегі осы құралдарды шамалы пайдалану үлесі олардың ерекшелігіне байланысты.

Басқа құралдарға  тауарлар мен қызмет көрсетуге есеп беретін чектер, банк шотын тікелей дебеттеу.

2012 жылдағы төлем құралдарына қатысты төлемдер бойынша мәліметтер

 № 1 Кесте

(санымың тр.; сомасы, млрд. теңге)

 Төлем құралдары

Саны

Сомасы

абсолюттік көрсеткіш

жалпы көлемнен %

абсолюттік көрсеткіш

жалпы көлемнен %

Төлем тапсырмалары

122 011.0

39.3%

118 868.1

95.1%

Төлем талап-тапсырмалары

533.7

0.2%

3.1

0.002%

Инкассалық өкімдер

84.0

0.03%

32.8

0.03%

Төлем карточкалары

187 645.9

60.5%

5 562.6

4.5%

Басқа құралдары

32.6

0.01%

481.6

0.4%

Жалпы жиынтығы

310 307.2

100.0%

124 948.2

100.0%

Жоғарыға