1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹53 26/06/2017

2017 жылғы мамыр айында банктер және «Қазпочта» АҚ Кестеде ұсынылған төлем құралдарын пайдалана отырып 26 930,5 млрд. теңге сомаға 50 641,9 мың транзакция көлемінде транзакция өткізді.

Бұрынғыдай Қазақстанның аумағында төлем тапсырмалары және төлем карточкалары неғұрлым таралған төлем құралдары болып табылады. Бұл ретте, бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2017 жылдың мамыр айында 2 010,8 мың. теңге құрады.

Сонымен бірге cаны бойынша төлем карточкаларының жоғары үлес салмағы және транзакциялар көлемі бойынша төмен үлес салмағы осы төлем құралын негізінен шамалы қолма-қол ақша сомасын алу үшін пайдаланылатындығымен сипатталады.

Көрсетілген мерзімде төлем құралдарының ішіндегі төлем талаптары – тапсырмалар және инкассалық өкімдер аз пайдаланылады. Жалпы сан мен көлемдегі осы құралдарды шамалы пайдалану үлесі олардың ерекшелігіне байланысты.

Басқа құралдарға тауарлар мен қызмет көрсетуге есеп беретін чектер, банк шотын тікелей дебеттеу.

 

2017 жылдың мамыр айындағы төлем құралдарына қолдану бойынша мәліметтер

Кесте

(саны, мың тр.; сомасы, млрд. теңге)

 

Төлем құралдары

Саны

Сомасы

абсолюттік көрсеткіш

жалпы көлемнен %

абсолюттік көрсеткіш

жалпы көлемнен %

Төлем тапсырмалары

12 827,1

25,3%

25 792,5

95,8%

Төлем талап-тапсырмалары

198,3

0,4%

27,9

0,10%

Инкассалық өкімдер

26,9

0,05%

4,8

0,02%

Төлем карточкалары

37 589,3

74,23%

1 096,7

4,1%

оның ішінде:

 

 

 

 

 - қолма-қол беру туралы операциялар

20 263,1

40,0%

878,3

3,3%

- қолма-қол ақшасыз төлемдер

17 326,2

34,2%

218,4

0,8%

Басқа құралдары

0,3

0,001%

8,6

0,03%

Жалпы жиынтығы

50 641,9

100,0%

26 930,5

100,0%

Жоғарыға