1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Нұсқа ¹155 от 31/10/2025

2025 жылғы қыркүйек айында банктер және «Қазпочта» АҚ кестеде ұсынылған төлем құралдарын пайдалана отырып 92 234,3 млрд. теңге сомаға 1 260 413,1 мың құжат бойынша транзакциялар жүргізді.          

Бұрынғыдай Қазақстанның аумағында төлем тапсырмалары және төлем карточкалары неғұрлым таралған төлем құралдары болып табылады. Бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2025 жылдың қыркүйек айында 1 913,5 мың теңге құрады. Сонымен бірге төлем карточкаларының операциялар cаны бойынша жоғары үлес салмағын және транзакциялар көлемі бойынша төмен үлес салмағын иемденуі осы төлем құралы негізінен улкен емес сомадағы төлемдер мен аударымдар жүргізү үшін қолданылатындығымен сипатталады.                

Көрсетілген мерзімде төлем құралдарының ішінде инкассалық өкімдер мен төлем хабарламасы аз пайдаланылған. Осы құралдарды аз пайдаланылуы олардың қолдану ерекшелігіне байланысты.            

 

2025 жылдың қыркүйек  айындағы   

төлем құралдарына қолдану бойынша мәліметтер

Кесте

(саны, мың тр.; сомасы, млрд. теңге)

 

Саны

Сомасы

Төлем құралдары

Абсолюттік көрсеткіш

Жалпы көлемнен %

 

Абсолюттік көрсеткіш

Жалпы көлемнен %

Төлем тапсырмалары

37 359,5

2,96%

71 486,5

77,51%

Төлем

талаптары

470,1

0,04%

1 381,0

1,50%

Инкассалық өкімдер

200,7

0,02%

10,5

0,01%

Төлем ордері

389,8

0,03%

1 202,6

1,30%

Төлем хабарламасы

44,5

0,00%

19,8

0,02%

Төлем карточкалары, оның ішінде:

1 221 948,5

96,95%

18 133,9

19,66%

   - қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдары

1 202 671,9

98,42%

15 810,50

87,19%

  - қолма-қол ақша алу операциялары

19 276,6

1,58%

2 323,42

12,81%

Жалпы жиынтығы

1 260 413,1

100%

92 234,3

100%

 

Жоғарыға