1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Нұсқа ¹146 от 30/01/2025

2024 жылғы желтоқсан айында банктер және «Қазпочта» АҚ кестеде ұсынылған төлем құралдарын пайдалана отырып 129 900,26 млрд теңге сомаға 1 340 843,22 мың құжат бойынша транзакциялар жүргізді.          

Бұрынғыдай Қазақстанның аумағында төлем тапсырмалары және төлем карточкалары неғұрлым таралған төлем құралдары болып табылады. Бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2024 жылдың желтоқсан айында 828 458,43 теңге құрады. Сонымен бірге төлем карточкаларының операциялар cаны бойынша жоғары үлес салмағын және транзакциялар көлемі бойынша төмен үлес салмағын иемденуі осы төлем құралы негізінен үлкен емес сомадағы төлемдер мен аударымдар жүргізү үшін қолданылатындығымен сипатталады.                

Көрсетілген мерзімде төлем құралдарының ішінде төлем талаптары мен чектер аз пайдаланылған. Осы құралдарды аз пайдаланылуы олардың қолдану ерекшелігіне байланысты.      

 

2024 жылдың желтоқсан айындағы   

төлем құралдарына қолдану бойынша мәліметтер

Кесте

(саны, мың тр.; сомасы, млрд. теңге)

 

Саны

Сомасы

Төлем құралдары

Абсолюттік көрсеткіш

Жалпы көлемнен %

 

Абсолюттік көрсеткіш

Төлем құралдары %

Төлем тапсырмалары

131 140,93

9,78%

108 644,81

83,64%

Төлем

талаптары

440,85

0,03%

15,12

0,01%

Чектер

0,81

0,00%

0,32

0,00%

Инкассалық өкімдер

1 280,12

0,10%

175,36

0,13%

Төлем ордері

20 087,97

1,50%

966,49

0,74%

Төлем хабарламасы

2 582,80

0,19%

223,87

0,17%

Төлем карточкалары, оның ішінде:

1 185 309,74

88,40%

19 874,30

15,30%

- қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдары

1 164 530,69

98,25%

17 352,68

87,31%

- қолма-қол ақша алу операциялары

20 779,05

1,75%

2 521,61

12,69%

Жалпы жиынтығы

1 340 843,22

100%

129 900,26

100%

 

Жоғарыға