Нұсқа ¹145 от 27/12/2024
2024 жылғы қараша айында банктер және «Қазпочта» АҚ кестеде ұсынылған төлем құралдарын пайдалана отырып 111 437,80 млрд теңге сомаға 1 261 461,07 мың құжат бойынша транзакциялар жүргізді.
Бұрынғыдай Қазақстанның аумағында төлем тапсырмалары және төлем карточкалары неғұрлым таралған төлем құралдары болып табылады. Бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2024 жылдың қараша айында 816 618,54 теңге құрады. Сонымен бірге төлем карточкаларының операциялар cаны бойынша жоғары үлес салмағын және транзакциялар көлемі бойынша төмен үлес салмағын иемденуі осы төлем құралы негізінен үлкен емес сомадағы төлемдер мен аударымдар жүргізү үшін қолданылатындығымен сипатталады.
Көрсетілген мерзімде төлем құралдарының ішінде төлем талаптары мен чектер аз пайдаланылған. Осы құралдарды аз пайдаланылуы олардың қолдану ерекшелігіне байланысты.
2024 жылдың қараша айындағы
төлем құралдарына қолдану бойынша мәліметтер
|
Кесте |
||||
|
(саны, мың тр.; сомасы, млрд. теңге) |
||||
|
Саны |
Сомасы |
|||
|
Төлем құралдары |
Абсолюттік көрсеткіш |
Жалпы көлемнен % |
Абсолюттік көрсеткіш |
Төлем құралдары % |
|
Төлем тапсырмалары |
113 346,96 |
8,99% |
92 561,23 |
83,06% |
|
Төлем талаптары |
366,38 |
0,03% |
11,37 |
0,01% |
|
Чектер |
1,11 |
0,00% |
0,04 |
0,00% |
|
Инкассалық өкімдер |
1 056,34 |
0,08% |
147,18 |
0,13% |
|
Төлем ордері |
15 259,11 |
1,21% |
781,48 |
0,70% |
|
Төлем хабарламасы |
1 905,79 |
0,15% |
171,86 |
0,15% |
|
Төлем карточкалары, оның ішінде: |
1 129 525,39 |
89,54% |
17 764,64 |
15,94% |
|
- қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдары |
1 110 163,77 |
98,29% |
15 516,55 |
87,35% |
|
- қолма-қол ақша алу операциялары |
19 361,61 |
1,71% |
2 248,09 |
12,65% |
|
Жалпы жиынтығы |
1 261 461,07 |
100% |
111 437,80 |
100% |