1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Нұсқа ¹142 от 27/09/2024

2024 жылғы тамыз айында банктер және «Қазпочта» АҚ кестеде ұсынылған төлем құралдарын пайдалана отырып 113 214,28 млрд теңге сомаға 1 311 862,50 мың құжат бойынша транзакциялар жүргізді.          

Бұрынғыдай Қазақстанның аумағында төлем тапсырмалары және төлем карточкалары неғұрлым таралған төлем құралдары болып табылады. Бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2024 жылдың тамыз айында 808 862,88 теңге құрады. Сонымен бірге төлем карточкаларының операциялар cаны бойынша жоғары үлес салмағын және транзакциялар көлемі бойынша төмен үлес салмағын иемденуі осы төлем құралы негізінен үлкен емес сомадағы төлемдер мен аударымдар жүргізү үшін қолданылатындығымен сипатталады.                

Көрсетілген мерзімде төлем құралдарының ішінде электрондық төлем құралдары мен чектер аз пайдаланылған. Осы құралдарды аз пайдаланылуы олардың қолдану ерекшелігіне байланысты.      

 

2024 жылдың тамыз айындағы   

төлем құралдарына қолдану бойынша мәліметтер

Кесте

(саны, мың тр.; сомасы, млрд. теңге)

 

Саны

Сомасы

Төлем құралдары

Абсолюттік көрсеткіш

Жалпы көлемнен %

 

Абсолюттік көрсеткіш

Төлем құралдары %

Төлем тапсырмалары

116 688,33

8,89%

94 384,86

83,37%

Төлем

талаптары

452,85

0,03%

24,68

0,02%

Чектер

1,44

0,00%

0,09

0,00%

Инкассалық өкімдер

1 010,79

0,08%

115,08

0,10%

Төлем ордері

15 756,39

1,20%

819,32

0,72%

Төлем хабарламасы

2 622,11

0,20%

206,83

0,18%

Төлем карточкалары, оның ішінде:

1 175 329,19

89,59%

17 663,36

15,60%

- қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдары

1 154 588,84

98,24%

15 399,22

87,18%

- қолма-қол ақша алу операциялары

20 740,35

1,76%

2 264,14

12,82%

Электрондық төлем құралдары[1]

1,41

0,00

0,06

0,00

Жалпы жиынтығы

1 311 862,50

100%

113 214,28

100%

 

[1] Төлем карточкаларын қоспағанда

Жоғарыға