Нұсқа ¹140 от 29/07/2024
2024 жылғы маусым айында банктер және «Қазпочта» АҚ кестеде ұсынылған төлем құралдарын пайдалана отырып 103 928,6 млрд теңге сомаға 1 267 289,8 мың құжат бойынша транзакциялар жүргізді.
Бұрынғыдай Қазақстанның аумағында төлем тапсырмалары және төлем карточкалары неғұрлым таралған төлем құралдары болып табылады. Бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2024 жылдың маусым айында 803 705,4 теңге құрады. Сонымен бірге төлем карточкаларының операциялар cаны бойынша жоғары үлес салмағын және транзакциялар көлемі бойынша төмен үлес салмағын иемденуі осы төлем құралы негізінен улкен емес сомадағы төлемдер мен аударымдар жүргізү үшін қолданылатындығымен сипатталады.
Көрсетілген мерзімде төлем құралдарының ішінде электрондық төлем құралдары мен чектер аз пайдаланылған. Осы құралдарды аз пайдаланылуы олардың қолдану ерекшелігіне байланысты.
2024 жылдың маусым айындағы
төлем құралдарына қолдану бойынша мәліметтер
|
Кесте |
||||
|
(саны, мың тр.; сомасы, млрд. теңге) |
||||
|
Саны |
Сомасы |
|||
|
Төлем құралдары |
Абсолюттік көрсеткіш |
Жалпы көлемнен % |
Абсолюттік көрсеткіш |
Төлем құралдары % |
|
Төлем тапсырмалары |
107 488,87 |
8,5% |
86 389,39 |
83,1% |
|
Төлем талаптары |
479,09 |
0,0% |
11,68 |
0,0% |
|
Чектер |
0,54 |
0,0% |
0,02 |
0,0% |
|
Инкассалық өкімдер |
1 131,29 |
0,1% |
119,84 |
0,1% |
|
Төлем ордері |
12 636,26 |
1,0% |
767,57 |
0,7% |
|
Төлем хабарламасы |
2 378,82 |
0,2% |
151,64 |
0,1% |
|
Төлем карточкалары, оның ішінде: |
1 143 174,92 |
90,2% |
16 488,45 |
15,9% |
|
- қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдары |
1 122 261,81 |
98,2% |
14 265,00 |
86,5% |
|
- қолма-қол ақша алу операциялары |
20 913,11 |
1,8% |
2 223,45 |
13,5% |
|
Жалпы жиынтығы |
1 267 289,79 |
100,0% |
103 928,59 |
100,0% |