1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар¹ 120 28/11/2022

2022 жылғы қазан айында банктер және «Қазпочта» АҚ кестеде ұсынылған төлем құралдарын пайдалана отырып 61,323 трлн. теңге сомаға 895,454 млн құжат бойынша транзакциялар жүргізді.  

Бұрынғыдай Қазақстанның аумағында төлем тапсырмалары және төлем карточкалары неғұрлым таралған төлем құралдары болып табылады. Бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2022 жылдың қазан айында 1,7 млн. теңге құрады. Сонымен бірге төлем карточкаларының операциялар cаны бойынша жоғары үлес салмағын және транзакциялар көлемі бойынша төмен үлес салмағын иемденуі осы төлем құралы негізінен үлкен емес сомадағы төлемдер мен аударымдар жүргізү үшін қолданылатындығымен сипатталады.

Көрсетілген мерзімде төлем құралдарының ішінде электрондық төлем құралдары мен чектер аз пайдаланылған. Осы құралдарды аз пайдаланылуы олардың қолдану ерекшелігіне байланысты. 

2022 жылдың қазан айындағы

төлем құралдарына қолдану бойынша мәліметтер

Кесте

(саны, мың тр.; сомасы, млрд. теңге)

 

Саны

Сомасы

Төлем құралдары

Абсолюттік көрсеткіш

Жалпы көлемнен %

 

Абсолюттік көрсеткіш

Төлем құралдары %

Төлем тапсырмалары

 27 822,5  

3,1%

 48 360,0  

78,9%

Төлем

талаптары

 319,3  

0,04%

 6,6  

0,0%

Чектер

 0,1  

0,00%

 0,3  

0,0%

Инкассалық өкімдер

 361,2  

0,04%

 27,7  

0,0%

Төлем ордері

 33 301,9   

3,7%

 1 045,5  

1,7%

Төлем хабарламасы

 2 274,0  

0,3%

 241,5  

0,4%

Төлем карточкалары, оның ішінде:

 831 374,8  

92,8%

 11 641,8  

19,0%

 - қолма-қол ақша алу операциялары

21 042,4  

2,5%

1 798,2  

15,4%

- қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдары

810 332,3  

97,5%

9 843,6  

84,6%

Электрондық төлем құралдары[1]

0,0

0,0%

0,0

0,0%

Жалпы жиынтығы

895 453,7  

100,0%

61 323,3  

100,0%

           

 

[1] Төлем карточкаларын қоспағанда

Жоғарыға