1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар¹113 27/04/2022

2022 жылғы наурыз айында банктер және «Қазпочта» АҚ кестеде ұсынылған төлем құралдарын пайдалана отырып 55,325 трлн. теңге сомаға 725,569 млн құжат бойынша транзакциялар жүргізді.  

Бұрынғыдай Қазақстанның аумағында төлем тапсырмалары және төлем карточкалары неғұрлым таралған төлем құралдары болып табылады. Бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2022 жылдың наурыз айында 1,6 млн. теңге құрады. Сонымен бірге төлем карточкаларының операциялар cаны бойынша жоғары үлес салмағын және транзакциялар көлемі бойынша төмен үлес салмағын иемденуі осы төлем құралы негізінен улкен емес сомадағы төлемдер мен аударымдар жүргізү үшін қолданылатындығымен сипатталады.

Көрсетілген мерзімде төлем құралдарының ішінде электрондық төлем құралдары мен чектер аз пайдаланылған. Осы құралдарды аз пайдаланылуы олардың қолдану ерекшелігіне байланысты. 

2022 жылдың наурыз айындағы

төлем құралдарына қолдану бойынша мәліметтер

Кесте

(саны, мың тр.; сомасы, млрд. теңге)

 

Саны

Сомасы

Төлем құралдары

Абсолюттік көрсеткіш

Жалпы көлемнен %

 

Абсолюттік көрсеткіш

Төлем құралдары %

Төлем тапсырмалары

27 154,4

3,74%

44 008,1

79,55%

Төлем

талаптары

174,1

0,02%

4,5

0,01%

Чектер

0,2

0,00%

0,3

0,00%

Инкассалық өкімдер

244,7

0,03%

81,3

0,15%

Төлем ордері

14 261,2

1,97%

1 183,0

2,14%

Төлем хабарламасы

2 838,2

0,39%

191,8

0,35%

Төлем карточкалары, оның ішінде:

680 896,5

93,84%

9 855,4

17,81%

 - қолма-қол ақша алу операциялары

22 013,1

3,23%

1 838,7

18,66%

- қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдары

658 883,5

96,77%

8 016,6

81,34%

Электрондық төлем құралдары[1]

0,0

0,00%

0,1

0,00%

Жалпы жиынтығы

725 569,3

100,00%

55 324,5

100,00%

 

[1] Төлем карточкаларын қоспағанда

Жоғарыға