1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹26 01/07/2010

Тұтастай алғанда, Қазақстанның төлем жүйелері (Банкаралық ақша аударымдары жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 2010 жылғы II тоқсанда 48 029.3 млрд. теңге (немесе 327.2 млрд. АҚШ долл.) сомаға 7.7 млн. транзакция өткізілді. 2009 жылдың ІІ тоқсанымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 19.4% (1 257.2 мың транзакцияға) көтерілді, ал төлемдер сомасы 37.8% (13 183.4 млрд. теңгеге) ұлғайды.

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушылардың саны 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 51 болды, оның ішінде: екінші деңгейдегі 39 банк және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық  Комитеті; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 6 ұйым («Казпошта» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК және ҚБЕО Клиринг палатасы); Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық; Мемлекетаралық Банк және Еуразия Даму Банкі; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

2010ж. ІІ тоқсанда БААЖ арқылы 47 189.0 млрд.теңге (321.4 млрд. АҚШ долл.) сомаға 3.0 млн. транзакция жүргізілді.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлемдер саны 18.6% (476.3 мың транзакцияға) ұлғайды, ал төлемдер сомасы 38.2% (13 037.6 млрд. теңгеге) ұлғайды.

Орташа алғанда, 2010ж. ІІ тоқсанда БААЖ арқылы күніне 749.0 млрд. теңге сомаға 48.2 мың транзакция жүргізілді, мұның өзі 2009 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден саны бойынша 7.6 мың  транзакция (18.6%) көп және сомасы бойынша 206.9 млрд. теңгеге (38.2%) көп.  Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2010 жылғы ІІ тоқсанда 15.6 млн. теңгені құрап, 2009 жылдың  ІІ тоқсанымен салыстырғанда 16.5% (2.2 млн. теңгеге) ұлғайды.

БААЖ-дың негізгі мақсатына сәйкес пайдаланушылар көрсетілген жүйеге қаржы секторының операциялары бойынша негізінен ірі және мерзімді төлемдерді жібереді. Мәселен, 2010 ж. IІ тоқсанда БААЖ арқылы негізінен Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздарымен (БААЖ-дағы төлемдердің жалпы көлемінің 48.4%), сондай-ақ банктердің және олардың клиенттерінің банкаралық депозиттерімен және меншікті қаражат аударымдарымен (25.7%) операциялар бойынша төлемдер жүргізілді.

Бұл ретте елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ арқылы 2010ж. ІІ тоқсанда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 98.3% және олардың жалпы санының 39.2% өңделді, мұның өзі неғұрлым ірі және басымдығы жоғары төлемдер жүргізуде БААЖ мақсатының орындалатынын көрсетеді.

Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қатысушылардың саны 38 болды, олардың 32-і екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық  Комитеті, ҚР Ұлттық Банкі, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық үшін 3 шот, «Қазпошта» АҚ.

Бөлшек төлемдер ағыны 2010 ж. ІІ тоқсанда сомасы 840.3 млрд. теңге (5.7 млрд. АҚШ долл.) 4.7 млн. құжат болды. 2009 жылдың ІІ тоқсанымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 19.9% (780.8 мың құжатқа) ұлғайды, ал төлемдер сомасы 21.0% (145.8 млрд. теңгеге) көтерілді.

Орташа алғанда, 2010 ж. ІІ тоқсанда клиринг жүйесі арқылы күніне 13.3 млрд. теңге сомаға 74.8 мың құжат өткізілді, мұның өзі 2009 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден төлемдер саны бойынша 12.4 мың транзакцияға (19.9%) көп, төлемдер сомасы бойынша 2.3 млрд. теңгеге (21.0%) көп. Бұл ретте Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлемнің орташа сомасы 178.4 мың теңге болды, бұл 2009 жылдың ІІ тоқсанымен салыстырғанда 0.9% (1.7 мың теңге) көп.

Клиринг жүйесінде төлемдердің ең көп үлесі 2010 жылғы ІI тоқсанда шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлар және материалдық емес активтер төлемдерге (жүйедегі төлемдердің жалпы көлеміндегі үлесі 34.1% құрады), көрсетілген қызметтер төлемдерге (үлесі – 26.8%), сондай-ақ бюджетке (салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу) және бюджеттен төленетін  төлемдерге (үлесі – 20.0%) үшін есеп айырысулар бойынша төлемдеріне тиесілі болды.

Сонымен бірге, басымдығы жоғары болып табылмайтын және сомасы бойынша 5 млн. теңгеден аспайтын төлемдерді жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде елдегі қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердің жалпы санының 60.8% және олардың жалпы көлемінің 1.7% жүзеге асырылды, бұл клиринг жүйесінің ұсақ сомадағы айтарлықтай төлемдер санын жүргізуде өз міндетін атқаратынын көрсетеді.

Жоғарыға