1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹33 01/04/2012

Тұтастай алғанда, Қазақстанның төлем жүйелері (Банкаралық ақша аударымдары жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 2012 жылғы І тоқсанда 38 747,8 млрд. теңге (немесе 261,6 млрд. АҚШ долл.) сомаға 7,3 млн. транзакция өткізілді. 2011 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 7,8% (533,3 мың транзакцияға) көтерілді, төлемдер сомасы 14,1% (6 372,1 млрд. теңгеге) азайды.

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушылардың саны 2012 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 501 болды, оның ішінде: екінші деңгейдегі 39 банктер және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық  Комитеті; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 6 ұйым («Казпошта», «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК және ҚБЕО Клиринг палатасы); Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық; Мемлекетаралық Банк және Еуразия Даму Банкі; ҚР Ұлттық Банкі.

2012 жылғы І тоқсанда БААЖ арқылы барлығы 37,9 трлн. теңге (255,9 млрд.$) сомаға 2,7 млн. транзакция жүзеге асырылды. 2011 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда төлемдер саны 5,9% (149,4 мың транзакцияға) ұлғайды, төлемдер сомасы 14,6% (6,5 трлн. теңгеге) азайды. 2012 жылғы І тоқсанда БААЖ-да бір төлем құжатының орташа сомасы 14,1 млн. теңгені құрап, 2011 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 19,3% (3,4 млн. теңгеге) азайды.

Орташа алғанда, 2012 жылғы І тоқсанда БААЖ арқылы бір күнде 642,4 млрд. теңге сомаға 45,7 мың транзакция жүргізілді, бұл 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда саны бойынша 2,3%-ға (1,0 мың транзакцияға)  көп және сомасы бойынша 17,5%  (136,1 млрд. теңгеге) аз.

Бұл ретте 2012 жылғы І тоқсанда БААЖ арқылы елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 97,8% және олардың жалпы санының 36,8% өңделді, бұл БААЖ-дың неғұрлым ірі және басымдығы жоғары төлемдерді жүргізудегі алдына қойылған мақсатты орындағанын көрсетеді.

Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2012 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қатысушылардың саны 39 болды, олардың 33 екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық  Комитеті, ҚР Ұлттық Банкі, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық үшін 3 шот, «Қазпошта» АҚ.

 Тұтастай алғанда, 2012 жылғы І тоқсанда  бөлшек төлемдер ағыны 843,8 млрд. теңге (5,7 млрд.$) сомаға 4,6 млн. құжатты құрады. 2011 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттардың саны 9,0% -ға (383,9 мың құжатқа) ұлғайды, төлемдер сомасы 13,6% -ға (101,1 млрд. теңгеге) артты. 2012 жылғы І тоқсанда Банкаралық клиринг жүйесінде бір төлем құжатының орташа сомасы 182,2 мың теңгені құрап, 2011 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 4,2% -ға  (7,3 мың теңгеге) ұлғайды.

Клиринг жүйесі арқылы орташа алғанда 2012 жылғы І тоқсанда бір күнде 14,3 млрд. теңге сомаға 78,5 мың құжат өтті, бұл 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төлемдер саны бойынша 5,3%-ға (4,0 мың транзакцияға) және төлемдер сомасы бойынша 9,8% -ға (1,3 млрд. теңгеге) артық.

Бұл ретте Банкаралық клирингте барлық қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санының жартысынан көбі – 63,2% өңделді, бұл елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 2,2% құрады, мұның өзі жүйенің бөлшек төлемдердің едәуір санын өткізуге арналған мақсатының орындалғанын білдіреді.

Жоғарыға