1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹34 01/07/2012

Тұтастай алғанда, Қазақстанның төлем жүйелері (Банкаралық ақша аударымдары жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 2012 жылғы ІІ тоқсанда 43 555,3 млрд. теңге (немесе 293,9 млрд. АҚШ долл.) сомаға 8,2 млн. транзакция өткізілді. 2011 жылдың ІІ тоқсанымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 3,6% (287,7 мың транзакцияға) көтерілді, төлемдер сомасы 16,8% (8 816,8 млрд. теңгеге) азайды.

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушылардың саны 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 501 болды, оның ішінде: екінші деңгейдегі 39 банктер және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық  Комитеті; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 6 ұйым («Казпошта», «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК және ҚБЕО Клиринг палатасы); Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық; Мемлекетаралық Банк және Еуразия Даму Банкі; ҚР Ұлттық Банкі.

2012 ж. ІІ тоқсанда БААЖ  арқылы 42 487,2 млрд.теңге (286,7 млрд. АҚШ долл.) сомаға 3,1 млн. транзакция жүргізілді.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлемдер саны 2,3% (71,5 мың транзакцияға) көтерілді, ал төлемдер сомасы 17,4% (8 922,2 млрд. теңгеге) азайды.

Орташа алғанда, 2012ж. ІІ тоқсанда БААЖ арқылы күніне 674,4 млрд. теңге сомаға 49,8 мың транзакция жүргізілді, мұның өзі 2011 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден саны бойынша 2,3% (1,1 мың транзакция) көп және сомасы бойынша 17,4% (141,6 млрд. теңгеге) аз. Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2012 жылғы ІІ тоқсанда 13,5 млн. теңгені құрап, 2011 жылдың ІІ тоқсанымен салыстырғанда 19,2% (3,2 млн. теңгеге) азайды.

Бұл ретте елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ арқылы 2012ж. ІІ тоқсанда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 97,5% және олардың жалпы санының 38,1% өңделді, мұның өзі неғұрлым ірі және басымдығы жоғары төлемдер жүргізуде БААЖ мақсатының орындалатынын көрсетеді. 

Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қатысушылардың саны 39 болды, олардың 33 екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық  Комитеті, ҚР Ұлттық Банкі, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық үшін 3 шот, «Қазпошта» АҚ.

Бөлшек төлемдер ағыны 2012 ж. ІІ тоқсанда сомасы 1 068,1 млрд. теңге (7,2 млрд. АҚШ долл.) 5,1 млн. құжат болды. 2011 жылдың ІІ тоқсанымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 4,4% (216,2 мың құжатқа) көтерілді, бұл ретте төлемдер сомасы 11,0% (105,5 млрд. теңгеге) көтерілді.

Орташа алғанда, 2012 ж. ІІ тоқсанда клиринг жүйесі арқылы күніне 17,0 млрд. теңге сомаға 81,0 мың құжат өткізілді, мұның өзі 2011 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден төлемдер саны бойынша 4,4% (3,4 мың транзакцияға), төлемдер сомасы бойынша 11,0% (1,7 млрд. теңгеге) көп. Бұл ретте Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлемнің орташа сомасы 209,3 мың теңге болды, бұл 2011 жылдың ІІ тоқсанымен салыстырғанда 6,3% (12,3 мың теңге) көп.

Сонымен бірге, басымдығы жоғары болып табылмайтын және сомасы бойынша 5 млн. теңгеден аспайтын төлемдерді жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде елдегі қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердің жалпы санының 61,9% және олардың жалпы көлемінің 2,5% жүзеге асырылды, бұл клиринг жүйесінің ұсақ сомадағы айтарлықтай төлемдер санын жүргізуде өз міндетін атқаратынын көрсетеді.

Жоғарыға