1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹43 01/10/2014

Тұтастай алғанда Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 2014 жылғы ІII тоқсанда 50 636,2 млрд. теңге (немесе 277,4 млрд. АҚШ долл.) сомаға 9,4 млн. транзакция жүргізілді. 2013 жылғы ІII тоқсанмен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 4,8%-ға (452,3 мың транзакцияға) көбейді, төлемдер сомасы 7,3% (3 464,3  млрд. теңгеге) ұлғайды.

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушылардың саны 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 501 болды.

2014 жылғы ІII тоқсанда барлығы БААЖ арқылы 49 151,5 млрд. теңге (269,3  млрд. АҚШ долл.) сомаға 3,6 млн. транзакция жүзеге асырылды. 2013 жылғы ІII тоқсанмен салыстырғанда төлемдер саны 2,6%-ға (93,3 мың транзакцияға) ұлғайды, төлемдер сомасы 7,1% (3 257,2 млрд. теңгеге) ұлғайды.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2014 жылғы ІII тоқсанда 768,0 млрд. теңге сомаға 56,6 мың транзакция өтті, бұл 2013 жылғы осындай кезеңдегі деңгейден саны бойынша 2,6%-ға (1,5 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 7,1%-ға (50,9 млрд. теңгеге) көп. Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2014 жылғы ІII тоқсанда 13,6 млн. теңге болды және 2013 жылғы ІII тоқсанмен салыстырғанда 4,3% (0,6 млн. теңгеге) көбейді.

Бұл ретте БААЖ, елдің жүйелік-мәнді төлем жүйесі арқылы 2014 жылғы ІII тоқсанда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 97,1%-ы және олардың жалпы санының 38,7%-ы өңделді, бұл аса ірі және жоғары басымдықты төлемдерді жүргізу кезінде БААЖ мақсатының орындалғандығын білдіреді.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қатысушылардың саны 39 болды.

2014 жылғы ІII тоқсандағы бөлшек төлемдер ағыны 1 484,7 млрд. теңге (8,1 млрд. АҚШ долл.) сомаға 5,7 млн. құжат болды. 2013 жылғы ІII тоқсанмен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 6,1% (332,0 мың құжат) көбейді, төлемдер сомасы 16,2% (207,1 млрд. теңге) өсті.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2014 жылғы ІII тоқсанда 23,2 млрд. теңге сомаға 89,5 мың құжат өтті, бұл 2013 жылғы осындай кезеңдегі деңгейден төлемдер саны бойынша 6,1% (5,2 мың транзакция) көп және төлем сомасы бойынша – 16,2% (3,2 млрд. теңге) көп болды. Бұл ретте 2014 жылғы ІII тоқсанда Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлемнің орташа сомасы 232,6 мың теңге болды және 2013 жылғы ІII тоқсанмен салыстырғанда 9,5% (22,4 мың теңге) ұлғайды.

Сонымен қатар, басымдылығы жоғары болып табылмайтын және 5 млн. теңге сомадан аспайтын төлемдер жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінен 61,3% және олардың жалпы көлемінен 2,9% жүзеге асырылды, бұл клиринг жүйесінің ұсақ сомаларға арналған төлемдердің едәуір санын жүргізу қызметін орындағанын  көрсетеді.

Жоғарыға